Жоба жұмысы тоқтамайды

29 маусым күні «Теңіз» вахталық қалашығында (Жылыой ауданы Құлсары қаласынан 120 км, Атырау қаласынан 340 км) орын алған дүрбелең тоқтап, ахуал тұрақтанды.

«Сohsolited Contracting Endihering and Prourement S.A.L Offshore (CСЕР)» компаниясы жұмысшылары жұмыс учаскесіне жиналып, Ливия азаматы Eli Daoud-тің жақында «Whatsapp» желісіне қойған суретіне наразылықтарын білдірген. Суретте ол қолындағы рациясының  антеннасын қазақ қызының аузына қарай бағыттаған.

Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев оқиға орнына келіп, мұнай компаниясының басшылығы мен жұмысшыларымен кездесті.

«Бұл мәселе еңбек жағдайларының әр түрлі болуынан туындап отыр, ТШО мен мердігер мекемелердің басшылықтары мәселені жүйелі түрде шешулері керек. Біз өз тарапымыздан барлық қолдауды көрсетеміз. Инвесторлар түсінулері тиіс- біздің еліміздің аумағында жұмыс істей отырып, заңнаманы және ешкімнің ар-намысына тимейтін, моральдық-этикалық нормаларды сақтаулары қажет. Жақын арада жобаның барлық қатысушыларымен кездесу өткіземіз, барлық компаниялардың бірінші басшылары шақырылады, осы мәселені шешеміз. Бастысы, еңбек жағдайлары бәріне бірдей болуы керек», –деп атап өтті облыс әкімі.

«Теңізшевройлдың» бас директоры Имер Боннер жағдайды реттеу үшін компания барын салатынын айтып, өзге мердігер ұйымдармен тиісті жұмыс жүргізетінін айтты.
Жиында компания қызметкерлері облыс әкімі мен ТШО басшылығынан жобаның жұмысын тоқтатпауды сұрады.

Өңір басшысы жұмысшыларға бірінші орынбасары бастаған ведомствоаралық комиссия құрылғанын айтты. Бұл жерде жағдайды жақсарту үшін ұсыныстар ескерілмек. Жұмысшылар үшін жұмыс кестесінде ешқандай өзгеріс болмайды, жұмыс қалыпты деңгейде жалғаспақ.

 Қосымша ақпарат www.ktk.kz сайтынан алынды

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *