«ЕХРО -2019» көрмесіне аттанды

Елімізде мұндай жобаның барын бірі білсе, бірі білмесі анық. Кәсіпкер әйелдердің бұл бастамасы көңіл қуантарлық. Бұл жоба арқылы сізде өз бизнесіңізді бастауға мүмкіндік аласыз. Бұл жайлы baribar.kz ұсынған материалды сіздермен бөлісеміз.

«Coca-Cola Белестерi» жобасы – бүкіл Қазақстандағы әйелдерге бизнес-тренингтерге қатысу, қаржылық білім мен дағдылар алу, сондай-ақ алғашқы қаржылық қолдау алуға мүмкіндіктер береді.

«Coca-Cola белестері” жобасының жеңімпаздары – қазақстандық кәсіпкер әйелдер ЕХРО-2019 халықаралық көрмесінде жұмыс істеу үшін Пекинге аттанды. Білім алу сапарын аталмыш компанияның халықаралық қайырымдылық қоры қолдады.

Делегацияның барлық мүшесі 2013-2018 жылдар аралығында “Coca-Cola белестері” жобасының жеңіп шыққан. Осы уақыт аралығында 11 мыңға жуық әйел бизнесті жүргізу негіздерін оқып, ауылда табысты әрі жұмыс орындарын көбейтуге үлес қосатын жасыл технологияны дамыту құралдарымен танысты. Қазақстанда “Coca-Cola белестері” жобасын “Әлеуметтік динамика” мен “Жасыл экономика үшін коалиция және G-Global дамуын қолдау” үкіметтік емес ұйымдары жүзеге асырады.

“Coca-Cola белестері” жобасының жеңімпазы, делагация мүшесі Шолпан Тұрдышева Қытайға баруды асыға күтіпті. Жаңа білім арқасында жылыжай бизнесін жүргізудің әдістері мен жаңа идеялар жинайтындығына қуанышты.

Сапарды ұйымдастыру бойынша серіктестер – Жібек жолының халықаралық сауда палатасы (Қытай) мен EXPO&WOMEN халықаралық ұйымы (Қазақстан).

EXPO-2019-ға Қазақстан кәсіпкерлерінің қатысуы бизнесті одан әрі дамытуға ынталандырады.. Олардың өмірді жарқын жаққа өзгерте алатын жаңа идеямен, амбициямен оралуын күтеміз, – дейді “Әлеуметтік динамика” қоғамдық қорының директоры Елена Ожго.

Гүлзинат ҚИБАТОВА

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *