Балалар өрт шығармауы үшін ересектер нені білуі керек?

Балаға «сіріңкемен ойнауға болмайды!», — деп қайталай бергенше оған от қаупін нақты мысалмен түсіндірген жөн. ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті мамандарының кеңесін назарларыңызға ұсынамыз. Осы ақпарат жайлы baribar.kz сайты ұсынған мәліметті ұсынамыз.

Балаларды үйде жалғыз қалдырған кезде «олар сіріңкемен ойнамайды, қағаз жақпайды, өртемейді», – деп жайбарақат отыруға әсте болмайды. Өйткені кішкентай балалар от жағуға құмар. Әсіресе, 3-5 жас аралығындағы балалар үйде жалғыз қалғанда еркіндікті сезініп, от шығаруы мүмкін. Егер бала жабық пәтерде немесе бөлмеде қалатын болса, онда тіпті қауіпті. Өйткені өрт болғанда олар бөлмеден сыртқа шыға алмайды.

Балалардың ойынынан өрт шығармау үшін не істеу керек:

  • балаларға өрт қауіпсіздігі туралы жиі айтыңыз;
  • өрт қауіпсіздігі ережесін сақтауда оларға үлгі көрсетіңіз;
  • сіріңкені баланың қолы жететін жерге қалдырмаңыз;
  • балаға пеш, газ плитасын жағуды және басқа да электр бұйымдарын өз бетімен қосып, қолдануды тапсырмаңыз;
  • балалардың от жақпауын қадағалаңыз;
  • үйден шығарда баланы үлкендердің қарауынсыз қалдырмаңыз;
  • баланың бос уақытын қызықты етіп ұйымдастырыңыз.

Баланы өрт кезінде дұрыс әрекет жасауға, ережелерді сақтауға үйретіңіз, өзіңіз үлгі көрсетіңіз. Жану немесе түтіндеу, жоғары температура, күйік иісі байқалса, кез келген жастағы бала дереу үйден шығуы керек. Өрт туралы ересектерге немесе «101» – өрт сөндіру қызметіне, «112» – бірыңғай құтқару қызметіне хабарлау керек.

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *