Жайық жастары жақсы ойын көрсетті

6-10 маусым күндері Ақтөбе қаласында тоғызқұмалақтан өткен Қазақстан Республикасының Х  жазғы универсиадасында батысқазақстандық спортшылар жақсы нәтижеге қол жеткізді деп хабарлайды облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі.

Еліміздің 14 жоғарғы оқу орнынан 80-ге жуық студент қатысты. Екі жылда бір келетін байрақты бəсекеде М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан  мемлекеттік университетінің намысын қорғаған  спортшылар алдыңғы қатардан көрінді. Атап айтсақ, қыздар арасында  Ализа Ерниязова, Сандуғаш Болысбай, Үміт Шуринадан  құралған құрама команда жалпыкомандалық есепте бас жүлдені иеленді. Сонымен қатар жекелей есепте Жарасхан Сағынбаев мен Ализа Ерниязова  чемпион атанса, Сандуғаш Болысбай  күміс медальға ие болды. Бұл облыс спортшыларының мықтылығын тағы бір мәрте дәлелдеді.

Ләззат ҚАЖЫМОВА

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *