Оралда жас инспекторларының облыстық слеті өтті

2019 жылдың 20-21 мамыры күндері Орал қаласында облыстық Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасының  ұйымдастыруымен «Қауіпсіздік белдігі — 2019» қозғалыстың жас инспекторлары жасақтарының облыстық слеті өтті.  

Батыс Қазақстан облысы білім басқармасымен және «Еуразия» туристік сауықтыру кешенімен бірлесе оздырылған слетке 12-15 жастағы жалпы білім беретін мектеп оқушылары, аудандық және қалалық кезеңнің жеңімпаз топтары қатысты.

Слеттің негізгі мақсаты: балалар мен жасөспірімдердің қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу және оны болдырмау.

Слет бағдарламасы мынадай 7-кезеңнен тұрды:
1) саптық байқау;
2) жол қозғалысы ережесінің білгірі;
3) вилосипедті мәнерлеп жүргізу;
4) жас реттеуші;
5) жас тазалықшы;
6) үгіт-насихат бригада байқауы;
7) эрудиттер турнирі.

Слетке жасөспірімден бар ынтасымен қатысып, берілген тапсырмаларды жарыса әрі қызыға орындады.

Слет соңында жеңімпаздар анықталды: 1-орынды Бөрлі аудандық жалпы орта білім беретін мектептің командасы алса, 2-орынды Теректі ауданының жалпы орта білім беретін мектептің командасы иеленді, ал 3-орын Орал қаласындағы №1 мектептің  командасына бұйырды.   

Жеңімпаз командалар грамоталармен марапатталып, оларға ескерткіш сыйлықтар табыс етілді.

 БҚО ПД баспасөз қызметі

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *