Тіркелмеген қарулар анықталуда

Облыс аумағында өтіп жатқан «Қару» жедел-профилактикалық іс-шарасы нәтижесінде тіркелмеген бірэлектрошокер, бір тегіс ұңғылы, бір ойық ұңғылы қарулар тәркіленді.

Атыс қаруын қолдана отырып жасалатын қылмыстардың алдын алуға бағытталған іс-шаралардың 2019-2021 жылдарға арналған кешенді жоспарының 1.9-тармағын орындау, ішкі істер органдарында тіркелген азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын сақтау, алып жүру, тасымалдау және пайдалану тәртібіне бақылау жасау мақсатында Батыс Қазақстан облысы аумағында биылғы 20-23 мамыр аралығында «Қару» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Аталған іс-шара кезінде азаматтық қару иелерінің тұрғылықты жері бойынша қарудың бар-жоғы (моделі, түрі, үлгісі, нөмірі, калибрі), олардың сақталуын қамтамасыз ету (сейфтің, жұмыс істейтін сигнализацияның бар-жоғы), қаруды уақтылы тіркеу және қайта тіркеу (рұқсаттың жарамдылық мерзімі, қару иесінің тұрғылықты мекенжайы бойынша қарудың есебі, БДБ-мен салыстыра-тексерулер) жүргізілген-жүргізілмегені тексеріледі.

Жедел-профилактикалық іс-шараның екі күнінде тұрғылықты жері бойынша 1694 қару иесі тексеріліп, 76 қару иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылды, қаруды сақтау  ережелерін бұзғандары үшін 53 бірлік қару тәркіленіп (оның ішінде 51 бірлік тегіс ұңғылы, 2 бірлік газды тапанша), иелеріне айыппұлдар салынды. Сонымен қатар іс-шара кезінде тіркелмеген бір бірлік электрошокер, бір бірлік тегіс ұңғылы, бір бірлік ойық ұңғылы қарулар тәркіленді.

БҚО Полиция департаментінің Әкімшілік полиция басқармасы

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *