Жеңіс — кітапханашыларда


18 мамыр күні «Атамекен» туризм орталығында Орал қаласының мәдениет саласы қызметкерлері арасында дәстүрлі спартакиада өтті.

Спартакиада мәдениет қызметкерлерінің төл мерекесіне орай ұйымдастырылды. Аталған спорттық шара шағын футбол, жағажай волейболы, тоғызқұмалақ, арқан тарту, көңілді сөре, асық ату және ләңгі тебу сынды спорттың жеті түрінен ұйымдастырылды. Спартакиадаға жалпы төрт команда қатытты. Олар: қалалық мәдениет және демалыс саябағы, мәдени-ағарту бірлестігі, орталықтандырылған кітапханалар жүйесі, жастар мәдениет үйі, жалпы 120-ға жуық ойыншы өз бақтарын сынады.

Қызықты да тартысты өткен спартакиада қорытындысы бойынша жалпы командалық есеп бойынша жүлделі бірінші орынды -Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі, екінші орынды — қалалық мәдениет және демалыс саябағы командасы иеленді, ал үшінші орынды — мәдени-ағарту бірлестігі қызметкерлері еншіледі.

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *