БҚО бойынша көліктік бақылау инспекциясы автомобиль көлігі саласындағы, ауыр салмақты карьерлік автокөлік құралдарының бұзушылық дерегінің куәгері болған барлық белсенді азаматтарды бірлесіп іс-әрекет жасауға шақырады.

Инспекция автомобиль жолдары желісінің сақталуын қамтамасыз ету мәселесіне немқұрайлы қарамайтын тұрғындардың белсенді азаматтық ұстанымын әрдайым құптайды.

Осылайша, егер Сіз автомобиль көлігі саласындағы заңнама талаптарының бұзылуының куәсі болсаңыз және Сіздің қолыңызда аталған деректерді растайтын фото немесе видеоматериалдар болса, Сіз бар мәліметті «WhatsАpp», «Telegram» мобильді қосымшасы арқылы (+7 708 088 08 00) ҚР ИИДМ Көлік комитетінің Ахуалдық орталығына тиісті шаралар қолдану үшін жібере аласыз. Мұндай қарым-қатынас облысымыздың автомобиль жолдары желісінің сақталуына оң ықпалын тигізеді және жол берілген құқықбұзушылыққа жазаның қолданылмай қалмау принципін нығайтады.

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *