Жеріңізді игілігіңізге пайдаланбасаңыз, мемлекет меншігіне қайтарылады

Облыстық жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы жер заңнамасының сақталуын қадағалау мақсатында өткен жылы — 226, биыл 121 тексеріс жүргізген.

Бұл туралы бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінің облыс әкімдігімен бекітілген жоспарға сәйкес ауыл шаруашылығы жерлерінің оңтайлы пайдаланылуы мәселесіне арналған баспасөз мәжілісінде мәлім болды. Баспасөз жиынына БҚО жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасының басшысы Мұрат Өмірәлиев пен облыстық жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары Жұматай Ашықпаев қатысты.

Облыстық жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы басшысының айтуынша, басқарма жеке және заңды тұлғалардың жер заңнамасын бұзушылықтарын анықтау және жою бойынша тексеріс іс-шараларын жүргізеді. Тексерістер тек мемлекеттік органдардан, жеке және заңды тұлғалардан түскен өтініштер негізінде, сондай-ақ прокуратураның талаптары бойынша жүргізіледі.

«2018 жылы біздің мекеме 82,4 мың гектар аумақта 226 тексеріс жүргізіп, нәтижесінде 182 заң бұзушылықты анықтады. Басқарма тарапынан берілген нұсқамаларға сәйкес 10 жер телімінің меншік иелері өз жерлерін пайдалануға кіріссе, біреуі өз еркімен жер телімінен бас тартты. Сонымен қатар азаматтарға 19,5 млн. теңге көлемінде айыппұл салынса, оның ішінде облыстық бюджетке 16,8 млн. теңге өндіріліп алынды. Анықталған олқылықтардың орнын толтыру мақсатында барлық жер учаскелерінің иелеріненұсқамалар берілді. Өткен жылы әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 462-бабының 3-бөлімін бұзғаны үшін сот органдарына хаттамалар жолданып (нұсқаманыңорындалмауы), олар бойынша 4,8 млн. теңге сомасында айыппұл салынды. Есепті мерзімде сот шешімімен жалпы ауданы 4,7 мың гектар болатын тоғыз жер телімі мәжбүрлеп алынды», — деді Мұрат Амангелдіұлы.

Ағымдағы жылы жалпы ауданы 54,3 мың гектар болатын 25 жер учаскесін мәжбүрлеп алу үшін сотқа талап арыз жолданған. Оның ішінде коммерциялық мақсаттағы бес жер учаскесі (ауданы 0,8 гектар) сот органдарында қаралуда, ал ауылшаруашылық мақсатындағы жиырма жер телімін(ауданы 54,3 мың гектар) мәжбүрлеп алып қою жөнінде сот шешімі шыққан.Басқарма басшысы мақсатты түрде пайдаланылмайтын жерлерді алып қою оқиғалары жөнінде Сырым, Ақжайық, Бәйтерек аудандары бойынша бірқатар деректер келтірді.

Басқарманың алда тұрған мақсат-міндеттерінің бірі – пайдаланылмайтын және жер заңнамасын бұза отырып пайдаланылатын жер телімдерін анықтау, жалпы ауданы 26,4 гектарды құрайтын коммерциялық мақсаттағы жер учаскелері бойынша бақылау-тексеріс өткізу. Ағымдағы жылы 121 тексеріс жұмысы жүргізіліп, 100 заңбұзушылық анықталып, 4 млн. 988 мың теңге көлемінде айыппұл салынған. Жер заңнамаларын бұзған408 жер учаскесіне 100 нұсқама берілген.

Мемлекеттік мекеме сондай-ақ«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының жемісін көруде. Яғни, сот процестерін бейне-конференция-байланыс арқылы сотқа қатысуға мүмкіндік беретін «TrueConf» мобилдік қосымшасы арқылы өткізуді қолға алды.Тексерістердің объективті болуын қамтамасыз ету мақсатында жер учаскелерін өлшеуге R8S спутникалық новигациялық құрылғысы қолданылады.Барлық мемлекеттік инспекторлар бейнетіркегіштермен толықтай жабдықталған.

Ләззат ҚАЖЫМОВА

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *