Олар салауаттылықты қолдайды

Биылғы 25-27 сәуір күндері 5-ші шағынауданда орналасқан спорт қорапшасында мүмкіндігі шектеулі жандар спорттық сайысқа түсті.

«Орал» спорт клубы ұйымдастырған шараға әр түрлі санаттағы мүмкіндігі шектеулі жасөспірімдер қатысып, шағын футболдан өз шеберліктерін көрсетті. Жарысқа зерде бұзылыстары бар балаларға арналған арнаулы мектебі, көру қабілеті төмен балаларға арналған арнаулы мектебі, есту қабілеті төмен балаларға арналған арнаулы мектеп жəне колледж оқушылары, N22 мектептің түзету сыныбынан кұралған жалпы саны алты команда қатысты.

Жарыс нәтижесі бойынша:

Бірінші орынды — көру қабілеті төмен балаларға арналған мектеп,

Екінші орынды — зерде бұзылыстары бар балаларға арналған арнаулы мектеп, үшінші орынды — есту қабілеті төмен балаларға арналған арнаулы мектеп командалары иеленді.

Жеңімпаз және жүлдегер атанған командалар «Орал» спорт клубының медальдарымен жəне дипломдарымен марапатталды.

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *