Конституция – экономикалық еркіндік пен кәсіпкерлікті дамытудың құқықтық негізі

Елдің экономикалық дамуы азаматтардың еңбек етуіне, кәсіпкерлікпен айналысуына және өз әлеуетін жүзеге асыруына жасалған мүмкіндіктермен тығыз байланысты. Қазақстан Республикасының Конституциясы экономикалық қатынастардың негізгі қағидаттарын айқындап, меншік құқығы мен кәсіпкерлік еркіндігінің қорғалуына құқықтық негіз қалайды.

Жеке меншік құқығын қорғау, адал бәсекелестікті дамыту және кәсіпкерлік қызметке қолайлы жағдай жасау – тұрақты экономикалық өсімнің маңызды шарттары. Заң талаптарының сақталуы кәсіпкерлердің өз қызметін сенімді жүргізуіне, жаңа жобаларды іске асыруына және жұмыс орындарын ашуына мүмкіндік береді.

Сонымен қатар экономикалық еркіндік жауапкершілікпен ұштасуы тиіс. Кәсіпкерлік субъектілерінің заң талаптарын сақтауы, еңбек құқықтарын құрметтеуі және тұтынушылардың заңды мүдделерін қорғауы әділ экономикалық ортаның қалыптасуына ықпал етеді.

Конституциялық кепілдіктер инвестициялық ахуалды жақсарту, іскерлік белсенділікті арттыру және халықтың әл-ауқатын көтеру үшін маңызды.

Осы тұрғыдан алғанда, Конституция – экономикалық бастамаларды қолдаудың, азаматтардың еңбек әлеуетін жүзеге асырудың және мемлекеттің ұзақ мерзімді дамуын қамтамасыз етудің құқықтық тірегі.

Оставьте ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *