Әскери оқу орнында оқығыңыз келе ме?

Ендеше қапы қалмаңыз! ҚР Қорғаныс Министрлігінің әскери оқу орындары11-сыныптан кейін осы салада оқығысы келетін түлектерді оқуға қабылдайды.

Ол үшін үміткер тұрғылықты жеріндегі Қорғаныс істері жөніндегі басқармасына аты-жөнін, тегін, туған жылын, күнін, мекенжайын, түскісі келетін әскери оқу орнының атауын көрсетіп журналға тіркеледі. Түлек ҰБТ-дан  елу баллдан кем емес және математикадан он баллдан  жоғары жинаған болуы қажет. Ал 11-сынып бітірген аттестатының орташа балы 3,5 пайыз болған жағдайда Шоқан Уәлиханов атындағы ҚР ҚМ Кадет корпусынаоқуға түсу мүмкіндігі бар. Барлық оқу орындары ақысыз негізде оқытады.

Қорғаныс істері жөніндегі басқарма үміткерді мұқият зерделеп, оны оқуға жіберу не жібермеу туралы шешім қабылдайды.

Жасөспірімдер еліміздегі мына Әскери оқу орындарына түсе алады:

  1. Құрлықтағы әскерлер әскери институты, Алматы қаласы;
  2. Екі мәрте Кеңес Одағының батыры Т.Бигельдинов атындағы әуе қорғаныс күштері әскери институты, Ақтөбе қаласы;
  3. Радиоэлектроника және байланыс әскери инженерлік институты, Алматы қаласы;
  4. Шоқан Уәлиханов атындағы ҚР ҚМ Кадет корпусы, Щучинск қаласы;

Егер сізді бұл мәліметтер қызықтырса Орал қаласындағы Қорғаныс істері жөніндегі басқарманың мамандарына жолығыңыз: 571-бөлме, анықтама телефоны: 50-78-63, 53-86-60.

Сурет ғаламтордан алынды

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *