Ауыл азаматын еске алды

4-7 сәуір күндері Қазталов ауданында үлкен спорттық шара өтті.

ҚР-ның еңбек сіңірген зейнеткері, ауданның құрметті азаматы,«Құрмет белгісі», «Еңбек Қызыл Ту» орденінің иегері Сәлімгерей Асанғалиұлын еске алуға арналған тоғызқұмалақтан аудандық ашық турнирге облыс аудандарынан және Орал қаласындағы «Санжар» интеллектуалды спорт мектебінен барлығы 100-ге жуық спортшы қатысты.

Жарыс Қазталов ауданы әкімдігінің тікелей қолдауымен жоғары деңгейде өткізілді. Нәтижесінде тоғыз жасқа дейінгілер арасында бірінші орынды жаңақалалық Ғазез Зухра мен Жақсылық Ислам иеленді. 11 жасқа дейінгілерден қазталовтық Меңдіхан Гүлхан мен Казиханов Орынбек бірінші орындарға ие болды. 13 жастағы ұлдар арасында Оралдағы «Санжар» спорт мектебінен Серік Бекнұр және қазталовтық Қабибола Жайна чемпион атанды.

Жарыстың ашылу салтанатында облыстық тоғызқұмалақ федерациясының атқарушы директоры Дәулет Əбдікəрімов, ардагер спортшымыз Қалықұлы Меңдіхан ағамызға және Қазталов ауданының талантты жас спортшысы Дарханқызы Аделияны алғыс хаттармен марапаттады.

Спорттық шара соңында жеңімпаздар дипломдармен жəне медальдармен марапатталды.

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *