Орал қаласының аумақтық референдум комиссиясының құрамы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026 жылғы 15 наурызға арналған республикалық референдум тағайындау туралы Жарлығына сәйкес Орталық сайлау комиссиясы және оның барлық аумақтық құрылымдық органдары оны өткізу жөніндегі науқанды бастады.
Науқанның жалпы ұзақтығы — 32 күн (тағайындалған сәттен бастап дауыс беру күніне дейін).
ҚР Орталық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 12 ақпандағы қаулысымен 2026 жылғы 15 наурызға белгіленген республикалық референдумды дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары бекітілді. Құжатқа сәйкес аумақтық комиссиялар:
21 ақпанға дейін-аумақтық және учаскелік референдум комиссияларының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау.
22 ақпаннан бастап-әкімдіктер дауыс берушілердің тізімін қалыптастыра бастады. Тізімдер учаскелерге және электрондық түрде Орталық комиссияға беріледі.
27 ақпаннан бастап-азаматтар учаскелердегі тізімдермен таныса алады.
4 наурызға дейін – учаскелік комиссиялар сайлаушыларды дауыс беру орны мен уақыты туралы хабардар етуге міндетті
Үгіт 12 ақпаннан 14 наурыз күні сағат 00:00-ге дейін өтеді.
14 наурыз — тыныштық күні.
15 наурыз — дауыс беру.

Учаскелер 7:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істейді (егер аумақтық комиссиялар басқа уақытты белгілемесе).
21 наурызға дейін-орталық комиссия референдумның қорытындысын ресми түрде жариялауы тиіс.

Белгіленген жоспарлар мен мерзімдерді орындау үшін Орал қаласының аумақтық референдум комиссиясы құрамы туралы мәліметтерді хабарлайды:
1. Давлетжанов Мұхтар Серікұлы — комиссия төрағасы,
2. Мұстиев Нариман Салауатұлы — төрағаның орынбасары,
3. Жұмина Әсия Төлеубайқызы — хатшы,
4. Сәкенов Жасұлан Нұрлыбекұлы — комиссия мүшесі,
5. Оразаев Нұрбек Закарьевич — комиссия мүшесі,
6. Хайруллин Бисенгалий Темірланұлы — комиссия мүшесі,
7. Шахаров Аслан Беркінбайұлы — комиссия мүшесі.
Комиссияның орналасқан жері: Орал қаласы, Сарайшық көшесі, 47, «БҚО табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ ғимараты, 1 қабат, тел.:8(7112) 243010, 243040, е-mail: tic_zko_url@saylau.kz

Орал қаласының аумақтық референдум комиссиясының жұмыс уақыты: 09.00 — ден 18.30-ға дейін. Түскі үзіліс: 13.00-14.30, Демалыс жоқ.

Оставьте ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *