Ержан Максим финалға өтті

Жерлесіміз, жас өнерпаз Ержан Максим Мәскеуде өтіп жатқан «Голос дети» жобасының финалдық кезеңіне өтті.

Бұл жаңалықпен ол өзінің инстаграм парақшасында (maksim_erjan) бөлісті.

Арнайы шақыртумен байқауға қатысып жатқан жас әнші іріктеу кезеңінде Валерий Меладзені таңдаған болатын.

Бесінші сәуір күні өткен «Жекпе-жек» кезеңінде Ержан әнші, композитор, СССР халық әртісі Муслим Магомаевтің «Синяя вечность» әнін орындады.

Болашақта Димаш Құдайбергенов сияқты зор дауысты әнші болуды қалайтын талантты жасқа тек сәттілік тілейміз!

«YouTube»желісінің «The Voice Kids Russia» каналынан жерлесіміздің арнайы хабарын тамашалай аласыздар.

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *