Ұлттық ұлан сапы жас офицерлер мен толықты

Ағымдағы жылдың 18 маусым күні «Батыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты 5517 әскери бөлім аумағына Ұлттық ұлан Академиясын тәмәмдаған 40 тан астам жас офицерлер келді. Академия қабырғасын енді аяқтаған жас офицерлер мен  19-22 маусым күні аралығында үш күндік оқу-әдістемелік жиыны өткізілді.

Аталмыш жиын барысында жас офицерлер, әскери бөлімнің жауынгерлік қызметімен танысып, академия қабырғасында алған теориялық білімдерін ары қарай жетілдірді. Сонымен қатар оқу-әдістемелік жиын кезінде «Батыс» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы генерал-майор Қазкеев Бекайдар Маратұлының бастамасымен Орал қаласында орналасқан Достық үйінде «Ұлттық ұлан академиясын 2024 жылы бітірген  жас офицерлердің кәсіби-шеберліктерін қалыптастырудың негізгі бағыттары» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілген болатын. Ұйымдастырылған бұл іс-шараның негізгі мақсаты, жас офицерлердің әскери саладағы кәсіби деңгейін арттырып, жеке құраммен жұмыс жасау дағдыларын дамыту  болып табылды. Сондай-ақ, аталмыш дөңгелек үстел барысында Батыс Қазақстан облысының мәслихат депутаты Хасанов Ержан Қайыржанұлы, «Аналардың жүректері» сарбаздар аналар кеңесінің мүшесі Шаяхметов Гүлсім Салыққызы және  Қазақстан Республикасы Инженерлік Академиясының вице президенті, Әйтімов Ақсерік Сарыұлы сөз сөйлеп, жас офицерлердің алдағы қызметтеріне сәттілік тілеп, әскери саланың қыр сырын толық меңгерулеріне тілектес екендерін білдірді. Өз кезегіңде аталмыш іс-шара, жас офицерлермен естелік фото суретке түсумен аяқталды.

ҚР ҰҰ «Батыс» өңірлік қолбасшылығының

баспасөз қызметі

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *