Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен қазанның 6-сы күні жалпыхалықтық референдум өткізіледі. Оның мақсаты қауіпсіз әрі тиімді энергия көзіне қол жеткізу үшін саналынғалы отырған атом электр станциясын тұрғызу жөнінде ел тұрғындарының таңдауын анықтау. Тиісінше, азаматтарға АЭС-тің тиімді тұстарын түсіндіріп, алып-қашпа әңгімелердің алдын алу.

Жасыратыны жоқ қазір елімізде энергия тапшылығы байқалуда. Энергетика саласының мамандары, ғалымдар мен сарапшылар аталған тығырықтан шығудың бірден-бір тиімді жолы атом энергиясын өндіру екенін айтады. Мұны қазақстандық мамандар ғана емес, бүкіл әлем алға тартып отыр. Десе де Семей мен Азғырдағы сынақтарды, адамзатқа орасан зардап тигізген апаттарды көрген қазақ халқын атом электр станцияларының қауіпсіздігі алаңдатады. Сол себепті де ел АЭС құрылысындағы ең негізгі назар аударатын мәселе де халық пен қоршаған ортаның қауіпсіздігі болу керек екенін алға тартады. Ол да жөн.

АЭС энергетикалық тәуелсіздікті қамтамасызьеткені өз алдына, АЭС-тегі қауіпсіздік басты орында болуы керек. Әлемде қазіргі уақытта әлемде 415 ядролық реактор жұмыс істеп тұр. Олардың барлығы дамыған, көшбасшы елдерде орналасқан. АҚШ, Франция, Оңтүстік Корея сияқты мемлекеттер бейбіт атомды игеру саласының көшбасшысы саналады. Егер АЭС адамзатқа қауіпті болса, өркениетті елдер бұдан бас тартар еді. Ол аз десеңіз әлемде 60-қа тарта АЭС салынып жатыр.

Тіпті көршілес Өзбекстан да бейбіт атом мәселесін шешуді қолға алды. Қазақстан уран өндіру ісінде әлемдегі көш батсап тұр. Уран қоры да жеткідікті. Уран қоры бойынша лүниежүзінде екінші орындамыз. Тіпті кейбір дамыған мемлекеттер АЭС-ке қажет шикізатты бізден алып отыр. Ядролық отын өндіретін зауыт та өзімізде бар.

Осыншама ресурсты елдің игілігіне, экономикалық тәуелсіздігімізді нығайтуға жұмсамасау ақымақтық. Өмір бойы шикізат елі болып қала беруге болмайды. Сол себепті АЭС салған жөн. Бірақ оның қауіпсіздігі ең бірінші орында болуы керек

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *