Оралдық ұландықтар гір көтеруден облыс чемпионатының жүлдегері атанды 

Ағымдағы жылдың 1-2 маусым аралығында Батыс Қазақстан облысына қарасты Бәйтерек ауданында  гір көтеру спортынан ерлер мен әйелдер арасында Батыс Қазақстан облысының чемпионаты өткізілді. Батыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы ұйымдастырған сайысқа барлығы 130 ға жуық спортшы қатысты.

Сондай-ақ, бұл сайыста Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Орал қаласында орналасқан 5517 әскери бөлімінің әскери қызметшісі Какимов Рахым өз бағын сынаған болатын. Ерлер арасындағы  73  салмағында күш сынысқан ұландық 24 келілік гір тасын  150 рет көтеріп  сайыс қорытындысы бойынша бірінші  орынға табан тіреді. Сонымен қатар, 78 салмақ дәрежесінде 24 келілік гір тасын 110 рет көтерген 5517 әскери бөлімінің сарбазы Ыбраймов Нұрлан жарыс қорытындысы бойынша екінші орынды қаңжығасына байлады. Жарыс соныңда жүлделі орын алғандарға медальдар мен мақтау қағаздары табысталды.

ҚР ҰҰ  «Батыс» ӨңҚ баспасөз қызметі

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *