Батыс Қазақстан облысына 1000 ға жуық ұландықтар көмекке келді

Елімізде орын алған табиғи апаттарға байланысты қазіргі таңда елдің батыс өңірінде ахуал мүлдем күрделі десек те артық айтқанымыз емес. Бұл орын алған апаттын аясында еліміздің он  облысында төтенше жағдай жарияланып, көптеген тұрғындар эвакуациялануда. Бүгінде, батыс өңірінде орын алған ахуалды тұрақтандыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының әскери қызметшілері  күні-түні бар күшін салып,  алғы шепте қызмет етуде.

Мәселен бүгінде Орал қаласына Қарағанды, Қызылорда, Шымкент қалаларынан 1000 ға жуық ұландықтар мен 40 тан астам техника   көмекке келді. Алдағы уақытта, Батыс Қазақстан облысына арнайы келген ұландықтар елді мекендердегі тұрғын алаптары жанында қаптарды толтырып, құм төсеу жұмыстарын атқаратын болады.

ҚР ҰҰ  «Батыс» ӨңҚ баспасөз қызметі

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *