Киіз үй – мал баққан көшпелі халықтардың қысы – жазы отыратын өте қолайлы және төзімді баспанасы. Ол тез құрылып, тез жиналады. Қыста жылы, ал жазда салқын болады. Көлеміне және сыртқы кейпіне қарай әр түрлі болып келеді. Киіз үйдің негізгі қаңқасы – киіз үйдің сүйегі деп аталады.
Олар: кереге, уық, шаңырақ есік немесе сықырлауық. Бұл сүйекткрі көлеңкеде кептірілген талдан, жіңішке қайыннан немесе теректен жасалады. Киіз үй жасаудың өзіндік ерекшеліктері бар. Оны тек шебер – үйші жасайды.
Киіз үйді тігу оңай емес. Алдымен керегені жаяды. Керегенің биіктігі екі метрдей болады. Кергенің әр бөлігін – қанат деп атайды. Қанат саны үй көлеміне қарай көбйе береді. Киіз үй төрт, алты, сегіз, он екі қанатты болады. Ал, хан ордасының қанат саны отызға дейін жеткен.
Осыдан кейін шаңырақты көтереді. Қазақтың өмірінде шаңырақтыңмаңызызор. Шаңырақ – үй, әулет мағынасында да пайдалаылады. Оны «қра шаңырақ» дп атайды. Ұл бала әке шаңырағының иесі, мұрагері болып саналады. Киіз үйдің басқа сүйектері ескірсе, жаңартады, ал шаңырақты жаңартпайды. Әдетте шаңырақты үй иесі, ер адам көтереді. Үлкен киіз үйлердің шаңырағын ат үстінде тұрып бақанмен көтерген. Бақан – ір ұшын екі аша етіп жасаған екі сырық. Сонан соң уықтарды шаншыған. Уықтардың кереге басына байланатын жағы жалпақтау болып келеді. Және сол жерді тесіп бау өткізеді., оны «уық бау» деп атайды. Осы бау арқылы уық, пен кереге басын біріктіріп байлайды. Шаншылып біткен уықтың сыртынан айналдыра құмен шамалап таңады.
Шаңырақтан кейінгі ерекше қастерленетін бөлшегі – босаға. Ол табалдырық пен маңдайшадан тұрады. Ал, есіктің екі жақтау ағашын «таяныш» дейді. Оған сықырлауық орнатылады. Сықырлауық – киіз үйдің өте әшекейленіп жасалатын сәнді есігі. Бұл ортасынан ашылып – жабылатын жарма есіктерге ұқсас. Ол екі таянышқа ілмек арқылы ұстасады, ашып – жапқанда сықырлап тұрады, сондықтан оны сықырлауық деп атайды. Осыдан кейін үйдің киізін жабады.
Киіздің төрт түрі бар. Олар: туырлық, үзік, түндік, киіз есік. Алдымен туырлықты кереге керіп ұзын баулары арқылы уыққа бекімдеп байлайды. Сонан соң бақанның көмегімен үзік пен түндікті жабады. Үзік кереге басынан шаңырақ шеңбаріне дейінгі аралықты қамтиды. Атауына сай олар үзік – үзік киізден тұрады. Түндік – шаңырақты, киіз есік сықырлауықты жауып тұрады. Түндік арнаулы бояу арқылы оңай ашылып – жабылады. Киіз есіктің сырты киіз, ортасы ши, астары жарғақ теріден жасалады. Ол шыршықтап түріп қоюға ыңғайлы.
Киіз үйдің іші екіге бөлінеді. Олар: төр жақ (төрдің оң жағы, сол жағы) есік жақ (оң босаға, сол босаға). Қазақ халқы киіз үйдің ішін әсемдеп безендірген. Желбау -өрнекті, төгілме шашақты құр, шаңыраққа үш жерден байланып, кереге асылады. Ол киіз үйге сәндік – жиһаздық сипат береді. Оның негізгі міндеті – дауыл кезінде шаңырақты салмамен басып тұру. Әдетте, үйдің оң жағына ағаш төсек орнатылып, оның тұсына түскиіз ұстап, шымылдық құрады. Төрге жүкаяқ, оның үстіне абдыра (сандық)қояды. Абдыраға көрпе – жастық тағы басқа жүктерді жинайды. Үйдің сол жағына тамақ салатын кебеже, қазан – аяқ салатын аяққап, ыдыс – аяқтар (саба, торсық, ожау, кесе, тостақ және т.б.)қойылады да, осы араны шым шимен қоршап жабады. Бұл «ас-су бұрышы» деп есептелінеді. Ал, үйдің ортасына тамақ асатын ошақ (таған)немесе темір пеш орнатып қояды. Киіз үйді осылай әр отбасы өз қалауларынша безендіріп, жабдықтаған. Жабыдқталған үйдің сәнді, әдемі болуы үй иелеріне байланысты.
Киіз үй атаулары.
- Абылайша. Керегесіз, уықтан тігінен шағын киіз үй.
- Ақ шаңқан үй. Сүттен ақ , аппақ киіз үй.
- Ақтағыр. Екі қанатты, екі үзікпен жабылатын шағын киіз үй.
- Жаппа үй. Уыққа киіз жауып, уақытша тігілген шошақ үй.
- Қара құрым үй. Киізінің тозығы жеткен, ескі үй.
- 7. Қара үй. Киіз үйді кейбір жерде қара үй деп аталады.
- Қараша үй. Қоңыр түсті, жыртық, тесік, ескі үй.
- Орда. Еңселі, салтанатты киіз үй.
10.Отау. Ұлға енші беріп, бөлек шығарған киіз үй.
11.Тоңқайма. бірнеше уықпен ғана көтерген киіз үй.
- Ұраңқай. Уық тірізді сидам ағаштардан басын түйістіріп тігілген үй.
Киіз үйдің сүйегі.
№1. 2.Сүйегінің бөліктері.
- Құрамдас бөлшектерінің атауы.
- Шаңырақ. 1.Бақалақ. 2. Күлдіреуіш. 3. Қаламдық. 4. Табақ. 5. Тарам. 6. Тоғын.
- Уық. 1. Қалам. 2.Қары. 3. Иін. 4.Уық бау.
- Кереге. 1. Балашық. 2. Ерісі. 3. Желі. 4. Көк. 5. Қанат. 6. Сағанақ.
- Сықырлауық. 1.Босаға. 2. Жарма бет. 3. Маңдайша. 4. Табалдырық.
Киіз үй жиһаздары.
- Абажа. Ас, та,ғам салуға, арналып жасалған сандықтың (кебеженің)үлкен түрі. 2. Абдыра. Киім – кешек, әр түрлі бұйымдар салатын үлкен сандық. 3. Ағаш төсек. Жату үшін пайдаланылатын үй жиһазы. 4. Адалбақан. Киім және тағы басқа үй мүліктерін ішуге арналған жиһаз. 5. Асадал. Тамақ пен ыдыс – аяқ сақтауға арналған үй жиһазы. 6. Бөгіре. Кішкене қол сандық (шай жабдықтары үшін). 7. Жағылан. Былғарыдан істелген сандық. 8. Жозы. Жерге отырып, тамақ ішуге арналған аласа үстел. 9.Жүкаяқ. Жүк астына қоятын төрт аяқты бұйым. 10.Кебеже. Ас, тағам салуға арналып, ағаштан жасалған үлкен сандық. 11. Сандық. Әр түрлі бұйым салуға арналып, ағаштан не металдан жасалатын үй жиһазы.
Киіз үй жабдықтары.
1.Аяқбау. Көшер кезде уықтардың аяқ жағын буып байлайтын жіп. 2. Бақан. Киіз үй тіккенде, шаңырақ көтеруге, үзіктер мен түніктерді көтеріп жабуға керекті ашалы ағаш. 3.Бас арқан. Киіз үйді желден, дауылдан сақтау үшін, туырлықты бастыра, қазықтарға байлапйтын ұзын арқан. 4.Басар. Қатты жел тұрғанда, киіз үйдің үстінен бастыра, қазықтарға байлайтын ұзын арқан. 5.Басқұр. Керегелердің бастарын тартып, үйді айналдыра байлайтын жалпақ бау. 6. Белбеу. Киіз үйдің туырлығын кереге бастыра тартатын ұзын арқан. 7. Белдеу. Туырлықты айналдыра буатын арқан. 8. Дөдеге. Сән үшін үзәіктің шетіне айналдыра бастыратын өрнектелген киіз. 9. Жел арқан.Киіз үйдің жел жағына байлайтын арқан. 10.Жалбау. Дауылды жел болғанда, шаңырақты тартып, байлайтын бау. 11. Құр. Киіз үйдің керегелері менуықтарын және үзіктің ішкі жағын байлайтын ені 2-3елідей тоқып немесе есіп жасалған жалпақтау бау. 12.Тегеріш. Киіз үй керегесі, уығын сыртынан қысып, айналдыра ұстайтын әрі сәндік қызметін атқаратын жалпақ бау. 13.Туырлық. Уықтың орта тұсынан керегенің үстін жабатын киіз. 14.Түндік. Киіз үйдің шаңырағын жабатын киіз. 15.Уыққап.Көшкенде, сынбас үшін, уықтардың екі басына кигізілетін киіз. 16.Үзік. Уықтың үстіне жабылатын киіз.
БҚО қоғамдық даму басқармасының Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы бойынша «отбасылық құндылықтар мен ұлттық дәстүрлерді насихаттау жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу»жобасы шеңберінде
Oinet.kz