Орал қаласы бойынша жұқпалы аурулардың 2022 жылдық талдауы

2022 жылдың қорытындысы бойынша Орал қаласының эпидемиологиялық жағдай қолайлы деп бағаланды, жаппай тамақтан улану, өліммен аяқталған аса қауіпті инфекциялар тіркелген жоқ. 41 нозология бойынша аурулардың, оның ішінде вакцинамен басқарылатын инфекциялардың: қызамық, көкжөтел, полиомиелит, сіреспе аурулары да тіркелмеді. Осыған қарамастан, 2021жылмен салыстырғанда жұқпалы аурулар бірнеше есеге өсті.

Айта кетсек,

ішек инфекциясының- 25,4 есе, оның ішінде – сальмонеллез – 2,2 есеге

созылмалы вирустық гепатиттердің (гепатит В және С) тіркелуі де 1,6 есеге

скарлатина – 4,2 есеге

желшешек – 2,9 есеге

туберкулез – 1,2 есеге

ЖРВИ, тұмау – 1,2 есеге

Педикулез – 1,3 есеге

эхинококкоз – 1,2 есеге

описторхоз – 2,7 есеге

энтеробиоз- 1,1 есеге өсті.

2022жылы  3 инфекция бойынша сырқаттанушылық деңгейінің төмендеуіне қол жеткізілді. Аурухана ішілік инфекция – 3 есеге, дерматомикоз ауруы – 1 есеге, коронавирус жұқпасы – 0,4 есеге төмендеді.

Инфекциялық және паразиттік ауруының көрсеткіштерінің артуы көбінесе коронавирус жұқпаның пандемиясынан кейінгі статистикалық есептіліктің, инфекциялық және паразиттік сырқаттанушылық жағдайларын тіркеу, есепке алу және есеп беру тәртібінің жақсаруымен байланысты.

Жұқпалы аурулар тіркелген тексеруге жататын ошақтар уақытылы санитариялық – эпидемиологиялық шаралар жүргізілді, кейбір ошақтарда  қорытынды зарарсыздандыру процестері жасалды.  Оған қоса санитарлық ағарту жұмыстарын жүргізді.

Денсаулық сақтау нысандарын ерекше тәртіп бойынша 64 мекеме тексерілді, анықталған бұзушылықтар бойынша 37 әкімшілік хаттама толтырылып, 24 ұйғарым берілді. Барлық нысандар 100% лабораториялық тексерумен қамтылды.

2022жыды ДДҰ-ң талап етілген көрсеткіштері шегінде барлық вакцинамен басқарылатын инфекцияларға қарсы нысаналы топтарда балаларды егумен уақытылы қамту көрсеткіштері 95,5 %  құрады.

Гаухар Дуйсегалиева,

Орал қалалық санитариялық-эпидемиологиялық

бақылау басқармасының басшысы     

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *