«Batys Med» медициналық орталығы-сіздің денсаулығыңызды қалпына келтіру және сақтау

Денсаулық — адамға дүниеге келген кезде берілетін керемет сыйлық. Өмір бойы адам өз денсаулығын сақтауға және арттыруға қамқорлық жасауы керек.

Кәзіргі таңда медицинаның жеке секторы барлық денсаулық сақтау жүйесінің сапа стандарттарын арттыра отырып, біртіндеп өсіп, дамып келеді. Мемлекеттік мекемелерден айырмашылығы, жеке клиникалар икемді жұмыс кестесімен, жұмыс орындарының жақсы жабдықталуымен, қызмет көрсетудің жоғары деңгейімен ерекшеленуі белгілі.

2021 жылы «НВК-Сервис Батыс» ЖШС компаниясы өз клиенттеріне кәсіби медициналық көмек көрсетуді мақсат ететін медициналық орталықтың құрылысын аяқтады.

Медициналық жабдықты жөндеу және сатып алу мақсатында «НВК-Сервис Батыс» ЖШС «Банк ЦентрКредит» АҚ-қа қаржыландыру үшін жүгінді, онда кәсіпкерге «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы шеңберінде жылдық 14,95% несие мақұлданды, оның 6% — ын кәсіпкер төлейді, ал айырмасын «Даму»Қоры субсидиялайды.

«Batys Med» көпсалалы медициналық орталығы Орал қаласының тұрғындарына 2021 жылдың маусым айында есігін айқара ашты. Мекеме диагностикалық орталық және медициналық орталық ретінде жұмыс істейді, онда әртүрлі бағыттағы дәрігерлер, оның ішінде гинекологтар, офтальмологтар және кардиологтар қабылдайды.

«Медициналық орталықтың негізгі миссиясы пациенттерге қолжетімді, сапалы, жоғары білікті медициналық көмек көрсету болып табылады»-дейді «НВК-Сервис Батыс» ЖШС компаниясының басшысы Мәлік Қапизұлы.

Орталық ақылы қызмет көрсетумен қатар, ол ерікті медициналық сақтандыруды іске асыруға қатысады, бұл бірқатар жағдайларда пациенттерге ММС полисі бойынша «Batys Med» клиникасында білікті медициналық көмек алуға мүмкіндік береді.

«Batys Med» бүгінде — бұл бүкіл отбасы үшін көп бейінді, заманауи, үздіксіз дамып келе жатқан медициналық орталық, оның құрамында әртүрлі бейіндегі мамандар жұмыс істейді.

ТОО «НВК-Сервис Батыс»

Адрес: г. Уральск, мкр. Строитель, 2/4

Тел. +7 (7112) 23‒27‒84

+7‒705‒160‒21‒54

Инстаграм @ batysmed

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *