Сыбайлас жемқорлық — қоғамдағы өткір проблемалардың бірі. Оны алдын-алу мақсатында қаламызда түрлі шаралар оздырылуда. Орал қаласының ішкі саясат бөлімінің қолдауымен «Алаш жастар одағы» ҚҚ ұйымдастыруымен 2022 жылы аталған бағытта әлеуметтік жоба жүзеге асырылған болатын.
Шаралардың алғашқысы — «Парасатты отбасы» байқауы. Байқауға 10-нан астам отбасы қатысып, үздік үшеуі дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды. 1 орын — Имашевтар отбасы, 2 орын-Досқалиевтер отбасы, 3 орын-Жұматаевтар отбасы.
30 тамызда журналистер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыттағы үздік жұмыстар байқауы өтті. Журналистер өз белсенділіктерін көрсетіп, «Үздік телевизиялық материал», «Баспа БАҚ-тағы үздік жарияланым» номинациялары бойынша үздіктер анықталып, жүлделі орындарға ие болды.
Тұрғындардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы нөлдік төзбеушілігін қалыптастыру мақсатында ақпараттық-түсіндірмелі шараларды өткізу аса маңызды. Сол мақсатта да қала көшелерінде жоба бойына ақпараттық-үлестірмелі материалдар таратылып, баннерлер орнатылды, роликтер түсіріліп, әлеуметтік желілерге жарияланды.
Бұдан бөлек қаланың түзету мекемелерінде де «Қақпа алдындағы кездесулер» өтіп, жұмыспен қамту, кәсіпкерлік, заңгер, психологтардың қатысуымен консультациялар берілді.
Сыбайлас жемқорлық — шешімі күрделі өткір проблема. Сондықтан да сыбайлас жемқорлықпен пәрменді күресу үшін тұрғындар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын өткізудің маңызы зор.
Біздің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ. Қоғамның барлық күш-жігерін біріктіріп, осы дерттің одан әрі ушықпауы үшін оны тоқтатудың барлық амалдарын қолдану арқылы ғана бұл құбылысқа тиімді түрде қарсы тұруға болады.
Зауре Бекенова,
«Алаш жастар одағы» ҚҚ менеджері