Суретші Дәурен Гумаров «Ұйқысыздық» атты жеке көрмесіне шақырады

 Орал қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі Жастар мәдениет үйіне қарасты қалалық көрме залы бүгінде қаламызға танымал суретші, фотографтармен тығыз байланыста жұмыстар атқарып және сол туындыларын халыққа тарту етіп келеді.

Солардың бірі  қалалық көрме залының ұйымдастырумен  2022 жылдың 19 ақпан күні суретші Дәурен Гумаровтың «Ұйқысыздық» атты жеке көрмесінің ашылу салтанаты өтті. Қылқалам шебері сурет өнерінің қыр-сырын айта жүріп, әр туындысын көрерменге таныстырды. Оның әр туындысы ерекшелігімен адамдардың көңілінен орын алды.
Шара барысында Орал қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі Жастар мәдениет үйінің директоры М.Мергалиев құттықтау сөз сөйлеп, аталмыш көрмені ұсынған Дәурен Гумаровты бөлім басшысы С.Қайрлиевтің атынан алғыс хатпен марапаттады.

Қыл қалам шебері Дәурен Қадыржанұлы  Бөрлі ауданы, Бесағаш ауылында дүниеге келген. Бала кезінен суретші болуды армандаған Дәурен Ақсай қаласында балалар өнер мектебін бітіріп, одан кейін Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік Университетінде «Сәндік қолдаңбалы» мамандығын тәмәмдаған. Өнер мектебінде білім алып жүрген кезінен Дәурен әрқашан ерекшелікті, түстер мен композицияларды үйренуді ұнатқан. Сурет салумен қатар, шетел жазушыларының шығармашылығына қызығушылығы ерекше Дәурен жапон жазушысы Харуки Мураканың «Пілдің  жоғалуы» жөнінде әңгімесін оқып, содан бері 3 жыл ішінде 100-ден астам пілдің суретін әртүрлі түстерде, пішіндерде және өлшемдерде бейнеленген. 10 жылдан бері құрғақ қылқалам техникасын зерттеп келе жатырған, Дәурен Гумаровтың ақ-қара палитрадағы суреттері қызықты әсерлерді алуға мүмкіндік береді. Көрмеде осы техникадағы жұмыстары ұсынылады.

Аталмыш Дәурен Гумаровтың «Ұйқысыздық» атты жеке көрмесін қалалық көрме залынан 19 ақпан мен 5 наурыз күндері аралығында тамашалай аласыздар.

@ Жастар мәдениет үйі

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *