Көшпелі отырыс өтті

«Nur Otan» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалы жанындағы Жұмыспен қамту, осал топтар мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңес, Облыстық партиялық бақылау комиссиясы, Орал қалалық мәслихаттың әлеуметтік мәселелер мен жастар ісі жөніндегі тұрақты комиссиясы мүшелерінің қатысуымен «Белый парус» қоғамдық бірлестік алаңшасында бірлескен көшпелі отырысы өтті.


Берілген ұсыныстар:

  1. инватакси қызметіндегі автокөліктер бекітілген нормативтер мен стандарттарға сәйкес жабдықталуын қамтамасыз етуін, халықтың қауқары аз топтарының әр санатына сәйкес қауіпсіз белдіктері мен т.б. жол жүру мезгілінде қажетті қауіпсіз ортаны қалыптастыру бойынша шаралар қабылдауын қадағаласын;
  2. инватакси қызметіне тартылған автокөліктер сұйытылған газдан оның қауіпті болуын ескере отырып, жанармайға ауыстырылсын;

  1. көлікпен жүру үшін тапсырысты қабылдау кезінде диспетчерлер кезекте тұрған адамға хабарласып, көлік кеткендігі жөнінде ескертіп отыруларын талап етсін;
  2. инватакси қызметіне тартылған жүргізушілерге нұсқаулық өткізу және халықтың қауқары аз топтары өкілдеріне қызмет көрсету бағытын, ыңғайын білу бойынша ережелерге сәйкес жадынама дайындасын;
  3. техникалық ерекшеліктер жасақтаған кезде көлік қызметін тұтынатын қауқары аз топ өкілдерінің ұсынымдары мен ұсыныстары, ескертулері ескерілсін және заңға сәйкес аталмыш топтардың мүдделері қорғалатын жағдай жасалсын;
    Орал қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының жанындағы Әлеуметтік-транспорттық инфрақұрылым объектілерінің қолжетімді болуын түгендеу бойынша мониторингтік топпен бірлесіп:
  4. қауқары аз топ өкілдері болашақта инклюзия принципі бойынша қоғамға дағдылану, тартылу мақсатында қоғамдық көлікте кедергісіз орта, аялдама павильондары қолжетімді болуына нақты шаралар қабылдасын.

  1. Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы:
    Әлеуметтік-транспорттық инфрақұрылым объектілерінің қолжетімді болуын түгендеу бойынша мониторингтік топ объектілерді тексеру бойынша тексеру жоспарын бекітіп, тоқсан сайын «Nur Otan» партиясы жанындағы облыстық, қалалық қоғамдық кеңес отырыстарына нысандарды қолжетімді болуы түгендеу қорытындыларын тұрақты түрде есеп беріп тұрсын.

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *