Отбасы-мемлекеттің негізгі буыны


Тәрбие – отбасынан басталып, болашақ ұрпақтың еліне, Отанына деген сүйіспеншілігі алдымен ата-ананың ықпалымен қалыптасады. «Дәулет есіктен, ақыл бесіктен кіреді» демекші білім бесігі мектептен, тәрбие бесігі отбасынан бастау алады. Отбасының екі тірегі-әлпештеген әке мен аялаған ана. Ата-анаға үлкенге қызмет етіп, әкеңнің еңбегін, анаңның ақ сүтін өтеу-біздің борышымыз. «Отбасы-аялы алақан мекені». 


Отбасы құндылықтары бәрінен биік тұруы тиіс. Сыйластық пен жарасымдылық, отбасының тыныштығы туралы соңғы кездері жиі айтылып, басқосуларда талқылануда. Осы ретте зорлық-зомбылықтың алдын алу, сондай-ақ қоғамда отбасының рөлін нығайту, олардың полицияға сенімін арттыру мақсатында 2021 жылғы 25 қараша мен 10 желтоқсан аралығында «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» республикалық акциясы өткізілуде.  Аталған акцияның алғашқы күнінде «Азия Молл» ірі сауда үйінде «Ақ лента» іс-шарасы ұйымдастырылды. Бұл акцияның мақсаты тұрмыстық зорлық-зомбылықпен оның көріністеріне қарсы әрекет ету болып табылды.  Сауда үйінде полиция қызметкерлері «Дағдарыс» орталығы және еріктілермен бірге тұрғындарға ақ лента және буклеттер таратты. 


Қала мектептерімен бірлесіп, зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында дөңгелек үстелдер мен тәрбие сағаттары ұйымдастырылуда. Осы сөзіміздің дәлеліндей, 2021 жылғы 9 желтоқсанда 37 мектепте тағылымы мол кезекті кездесу сағаты өтті. «Алау» балалар аула клубының меңгерушісі Дариға Ақболатованың ұйымдастыруымен өткен «Балалардың өмір сапасын жақсарту-ертеңгі болашақтың кепілі» атты кездесуге мүдделі ұйым, орталық өкілдері және дәрігерлер арнайы шақырылды. Отбасы кішкентай бір мемлекеттік ұя,- десек, кездесу сағатында алғаш сөз алған Дариға Ақболатова:

— Әдетте жақсылықтың бәрі отбасынан басталады. Отбасы — жұртты жақындастырушы, ұрпақ пен ұрпақты табыстырушы, ұрпақаралық тұтастықтың отын жағушы ерекше ұя. Сондықтан да отбасы — барша адамзатқа ең жақын, ең қасиетті ұғым. Әрбір отбасында сүйіспеншілік пен түсіністік мықты болса, қоғамның діңгегі де берік болады-деп отбасы құндылықтары мен жастар тәрбиесі туралы баяндады. 


Одан әрі Орал қаласы Полиция басқармасы жергілікті полиция қызметі бөлімі әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі тобы инспекторы  полиция лейтенанты Гүлназ Шарипова ағымдағы жылдан бастап Орал қаласы Полиция басқармасында жергілікті полиция қызметі бөлімі әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі тобы құрылып, аталған топ инспекторларының отбасындағы әйелдерге жасалатын зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында жұмыстар атқарып келетінін айтты. Инспекторлар орын алған құқықбұзушылықты анықтап, зорлық-зомбылықтың әр түріне тап болып зардап шеккен және өмірдің қиын жағдайында қалған тұлғаларға қабылдау жүргізіп, оларға консультативтік-құқықтық көмек көрсетеді. Сондай-ақ, зорлық-зомбылықтың құрбандарына көмек көрсету мәселелері бойынша Орал қаласындағы «Дағдарыс» орталығымен бірлесіп іс-қимыл жасауды жүзеге асыратынын кездесу сағатына жиналған көпшіліктің назарына жеткізді. 

Орал қаласындағы «Дағдарыс» орталығының әлеуметтік жұмыстар бойынша кеңесшісі Гүлзада Қайрекеева, фельдшер-маман Нұрсұлу Құрматова да өз ойларын ортаға салды. 

Гүлзада Әбілқайырқызы мектеп, балалар аула клубтарымен ынтымақтаса атқарылатын жұмыстардың берекелі болатынын айтса, Нұрсұлу Исқаққызы дәрігерлік кеңестер берді. 

Кездесу сағатының соңында оқушылар назарына ролик көрсетілді. 

«Алау» балалар аула клубының меңгерушісі Дариға Жасқайратқызы бұндай кездесу сағаттарының маңыздылығын баса айтып, өз ойын әрбір отбасында сүйіспеншілік пен түсіністік мықты болып, бақытты отбасының шырқы бұзылмауы тиіс деген ойларымен түйіндеді.

Орал қалалық ПБ басқармасының баспасөз қызметі 

Attachment.png

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *