Оралда домбырашылар флешмобы өтті

«Орал» сауда-сауық орталығында Назарбаев Зияткерлік мектебінің ұйымдастыруымен ұлы даланың ән-күйін насихаттауға арналған домбырашылар флешмобы өтті, — деп хабарлайды Оралдағы НЗМ-нің баспасөз қызметі.  

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күніне орайластырылған флешмобты еліміздегі барлық зияткерік мектептер бір уақытта өткізді. Бұл күні жалпы саны 1000-нан аса жас домбырашыкүй тартып, өнерлерін ортаға салды. 

Флешмобта зияткерлік мектептің өнерпаз оқушыларынан құралған «Дарын» ұлт-аспаптар оркестрі Құрманғазының «Сарыарқа», «Балбырауын», «Адай», күйлерін орындаса, «Ғажайып» би ансамблі «Бозбала бірлігі», «Қазақ өрнектері» биімен көрерменнің көңілін көтерді. 

Айта кетейік, аталған мереке қарсаңында зияткерлік мектепте тақырыптық, кураторлық сағаттар, арнайы көрме, кітап оқу флешмобы, деректі фильм көрсетілімі ұйымдастырылып, үстел теннисінен турнир өтті. Сонымен қатар облыстық камералық оркестр мектеп ұжымына «Елбасы – ел тірегі» мерекелік концертін ұсынды. 

 Қызымды ойынсауық орталығына ойнауға әкеліп едім. Содан домбыраның үнін естіп осы жерге келдім. Алған әсерім керемет. Домбыраның үнін сағынып қалыппын. Бишілердің биі тіптен керемет, – дейді қала тұрғыны Манар Әлібекова. 

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *