Полицейлер студенттермен кездесті


Жуырда Абай ПБ басшы құрамы Батыс Қазақстан инновациялық технологиялық университетінің «Құқық қорғау қызметі» факультетінің 3-курс студенттерімен кездеу ұйымдастырды.

Өздерінің ынталарымен, аса қызығушылықтарын танытып Абай полиция бөлімінде ұйымдастырылған «Менің қалаған мамандығым» тақырыбындағы кездесу сағатына студенттер, Абай Пб басшылары, криминалдық полиция мен тергеу бөлімінде ұзақ жыл еңбек өтілі бар тәжірибелі қызметкерлер қатысты.
Кездесу барысында алғаш сөз алған Абай Пб бастығының орынбасары полиция майоры Нұрхат Бапенов бөлімнің қызметі, 10 айдың жұмыс көрсеткіштері туралы баяндап, полиция қызметінде ұзақ жыл қызмет сапында жүрген қызметкерлердің ерлік істері туралы айтты. Жас мамандардың да қоғамның қауіпсіздігі жолында үлестерін қосып жүргендерін мақтанышпен атап өтті.
Н.Бапенов Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қарағанды академиясына оқуға түсуге ынталы талапкерлерден өтініштерді қабылдау, жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау шарттары, талапкерлердің медициналық куәландырудан өтуі және талапкерлердің дене бітімі көрсеткіштері бойынша іріктеу туралы мол мағлұмат берді. Бұдан әрі
ІІМ-нің білім беру ұйымына оқуға түсуге ниет білдіретін студенттерді шақырып, Батыс Қазақстан облысы ПД Кадр саясаты басқармасына хабарласуларына болатынын немесе өтініштер жазатынын түсіндірді.
«Сотқа дейінгі қылмыстық істерді тергеу» тақырыбында да студенттер мағлұмат алып, сұрақтарына жауаптар қайтарылды.
Студенттермен емен-жарқын кездесу кезінде қазіргі уақыттағы тәртіп сақшыларының қызметіндегі едәуір айырмашылықтар, бұл күнде мемлекет тарапынан полицияға көп қолдау жасалғаны баса айтылды
Кездесуге қатысқандар бұндай бас қосудың маңыздылығын пысықтап, жастарды Отанын сүюге, патриоттық рухта тәрбиелеуге септігі тиеді деген ойымен тұжырымдады.

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *