Тәуелсіздік тербеткен жылдар


Егемендік алған Тәуелсіз Қазақстанның әлемдік өркениетке жетудегі бірден-бір дара жолы – білім жүйесі. Жайсаң Жаңақаланың төрінде орналасқан білім ордасы Жаңақала мектеп-гимназиясы Жаңақала ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 21 тамыздағы № 203 қаулысы негізінде құрылып, дарынды ұрпақтарына жан-жақты білім мен тәрбие беріп келе жатқанына биыл 5 жыл толып отыр. Осы жылдар ішінде білім шаңырағы ұлтымыздың қаймағын дайындап шығаратын білім ордасына айналды. Күн санап ақпарат кеңістігі өркендей түскен заманда жас ұрпаққа сапалы білім беру мұғалімнің, ұжымның бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып жұмыс істеуін талап етеді.

🖊

2016 жылы 30 мектеп түлегі аяқтап, «Алтын белгі — 1» , «Үздік аттестат – 4», 2017 жылы «Алтын белгі — 2», «Үздік аттестат -3», 2018 жылы «Алтын белгі — 1» иегері, «Үздік аттестат — 2», 2019 жылы «Алтын белгі — 2» , «Үздік аттестат — 3», 2020 жылы «Алтын белгі -4», «Үздік аттестат — 1» шықты.

Мектеп-гимназияның педагог кадрлары да өте білімді, жаңашыл, іс-тәжірибелері жоғары ұстаздар. Күні бүгін педагог кадрлар саны — 83, соның ішінде педагог-шебер -1, педагог-зерттеуші -20, педагог-сарапшы-12, педагог-модератор – 19, жоғары санатты 6, бірінші санатты – 6, екінші санатты – 2, тек педагогтар – 17 құрайды.

🔰

Мектеп-гимназия оқушылары ауданымыздың әр түкпірінен келгендіктен, олардың ой-өрісін, танымын, қабілетін дамыту үшін сабақтан тыс кезде қоян-қолтық араласып, сырласып, әр аптаның аяғында әртүрлі кештер, кездесулер, сайыстар, тренингтер өткізіліп тұрады. Кездесу кештеріне ауданымызға еңбегі сіңген қайраткерлер, ардагерлер, ақын-жазушылар, ақ жаулықты әжелеріміз, аналарымыз шақырылады. Республикалық олимпиаданың мектепішілік, аудандық, облыстық кезеңдеріне оқушыларды дайындап, жүлделі орындарды иеленіп жүр.

Білім ордасына айналған мектеп-гимназияның әрбір шәкірті білім көкжиегіне сеніммен ұмтылып, мектеп мақтанышына айналуды мақсат етсе, инемен құдық қазғандай білім тұңғиығының нәрін алған шәкірттеріміз бұл күнде еліміздің дамуына өздерінің үлестерін қосып, Тәуелсіздік тарту еткен білім ордасының абыройын биікке самғатып, еліміздің көк байрағын желбірететін білімді жастар шығатынына сеніміміз мол.

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *