Тағылымды кездесулер жалғасуда

Орал қалалық жастар ресурстық орталығы мамандары «Болашақ» көпсалалы колледжі студенттерімен кездесіп, тың ақпараттармен бөлісті.

Жүйелі қолға алынған бұл бастама студент қауымның қоғамға қажеттілігін және бүгінгі күні білу һәм ұғынуға тиісті ақпараттарын айшықтаған келелі отырыс жоғары деңгейді өткізілді.

Орталығымыздың теолог маманы Әсет Раманқұлов әр тарапты ой орамдарын оздырып отырыс барысын әсерлі әңгімеге айналдырса, «Жастар бастамаларын қолдау» бөлім басшысы Армат Шакиров волонтерлердің еңбек көріністерін тілге тиек етті. Шара тізгінін ұстаған «Aқпарат және мониторинг» бөлімінің басшысы Сымбат Қыпшақбай колледж басшылығына алғыс білдіріп, алда орайлы істердің ортасында иық тіресіп бірге қызмет атқарарына сенім білдірді.

Сымбат Қыпшақпай,

Орал қалалық жастармен жұмыс жөніндегі  ресурстық орталығының маманы

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *