Жастарға бағыт-бағдар сілтеді


Бүгінгі таңда Орал қалалық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы оқушылар және студент жастармен кездесуді күн тәртібіне қойды.

Орайлы істердің ордасына айналған «Орал жастары»  №22 ЖОББМ- тің жоғары сынып оқушыларымен жүздесті.

Келелі кездесуде жалған діни ағымдардан сақтанудың жолдары мен зияндары түсіндірілді. Теолог маман соқыр сенімнің жетегінде кетпей, ата-ананың, бауырлардың, Отанның, білім алудың, уақыттың қадірін түсіну керектігін жеткізді.

Орталық  қызметкерлері Армат Шакиров пен Сымбат Қыпшақбай атқарылған қоғамдық жұмыстар мен қайырымдылыққа қатысты істер жайында баяндады.

Орталық мамандары жас өрендерге білім көкжиегінде жарқырай көрініп, ұлтжанды азаматтар қатарынан болуға тілек білдірді.

Сымбат Қыпшақпай,

Орал қалалық жастармен жұмыс жөніндегі  ресурстық орталығының маманыF

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *