«Жастарға кеңес» жобасы жаңа мүмкіндіктерге жол ашады


Елімізде халықтың әлеуетін көтеру мақсатында бірқатар қадамдар жасалуда. Әлеуметтік бастамалардың әсіресе жастарға бағытталуы жаңа мүмкіндіктерге жол ашып отыр.

Осы бағытта Орал қалалық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының «Жастарға кеңес» жобасы  «Әлем  плаза»  сауда үйінде өз жалғасын тапты.

Жоба аясында қала тұрғындарына  халық санағы бойынша түсіндірме жұмыстары мен бағдарламаға тіркеу бойынша ақпараттар берілді. Сонымен қатар  тұрғын  үй кезегі, тіркелу сынды сауалдарға арнайы маман түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ дін турасындағы сұрақтарға орталықтың теолог мамандары жастарға түсінік берді.

Ал күн тәртібінде түспей тұрған жұмыссыздық мәселесіне қатысты шаһардағы бос орындар мен сұранысқа ие мамандықтар туралы халықты жұмыспен қамту орталығының мамандары ақпарат беріп, жастарды еңбек етуге шақырды. Жоба әрі қарай өз жалғасын таба бермек.

Сымбат Қыпшақпай,

Орал қалалық жастармен жұмыс жөніндегі  ресурстық орталығының маманы

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *