Құран жарысы өтті

                       

«Алланың өзі де рас, сөзі де рас. Рас сөз ешуақытта жалған болмас». Абай атамыздың бұл өлеңі әлі де өз өміршеңдігін көрсетуде. Асыл дініміз Исламның қайталанбас құндылығы, екі дүние бақытына жеткізетін Алланың кәләмі Құран екені баршаға аян. Қаншама ғасыр өтсе де бірде-бір әрпі өзгермеген Құран адамзаттың игілігі үшін қызмет етіп келеді.

Орал қалалық  Түлбаев Мұхаммед-Ғариф атындағы мешітінің ұйымдастыруымен «Білім-ырыс қазығы» атты мешіт жамағаты арасында  қасиетті Құран кәрімнің 30-шы парасын жатқа және мәнерлеп оқу сайысы өтті.

Алдымен аталмыш мешіттің бас имамы Қажымұқан Елтайұлы сөз алып, қатысушыларға сәттілік тіледі.  Орал орталық мешітінің наиб имам Наурыз Убаев, Түлбаев Мұхаммед-Ғариф мешітінің наиб имамдары  Серік Мұстафин, Бағдат шақаев, Асан ауылдық ауылдық мешітінің бас имамы Мұратбек Жахатов пен Әлішер ұстаз қазылық етті. Оннан астам шәкірттер қатысты.

 Жарысқа қатысып,  бірінші  орын алған Әділет Әліпқалиұлына  40 000 теңге, екнші орын алған Арман  Нуретовке 30 000 теңге, ал үшінші орын алған Қуан Аянға 20 000 теңгенің сертификаттары табыс етілді.

    Жарысқа қатысқан жамағаттарға ынталандыру сыйлығы берілді. Атап айтсақ  Әміров Алмат пен сайыстың ең жас қатысушысы Кенжеғали Ихсан хиджама жасайтын құрылғымен марапатталды. Қалған қатысушыларға да Құран кітабы табыс етілді. 

    Шараны ұйымдастырған Бағдат Шақаев пен демеуші жандарға  Алла Тағала риза болсын! 

ҚМДБ-ның БҚО бойынша баспасөз қызметі 

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *