«Ата Заң – Тәуелсіздіктің кепілі»


Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық  университетінде ҚР Конституциясы күні қарсаңында осындай атаумен дөңгелек үстел ұйымдастырылды

Дөңгелек үстелді жоғары оқу орнындағы «Рухани жаңғыру» орталығы ұйымдастырды.Басқосуды жүргізген университеттің тәрбие және әлеуметтік жұмыстар жөніндегі проректоры Ақылбек Сұлтанов әріптестерін айтулы мерекемен құттықтап, Ата Заңның арқасында еліміздің жеткен жетістіктері орасан зор екенін атап өтті.

Тәуелсіздігімізді айқындайтын, егемендігімізді еншілейтін басты құжат төңірегінде сөз қозғаған баяндамашылар Конституция – барлық заңдардың бастауы екенін, отыз жылда Қазақстанның әлемге танылып, еліміздегі көптеген ұлт пен ұлыстың бірлігі мен ынтымағының негізіне айналғанын жеткізді.

Дөңгелек үстелде аға оқытушылар, тарих ғылымдарының магистрлері Жанаргүл Муталова мен Гаухар Балжанова, сондай-ақ Орал қалалық ақпараттық-талдау және жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы директорының орынбасары Дәурен Шамұратов баяндама жасады. 

Іс-шара соңында қатысушылар өз ойларын ортаға салып, мемлекет пен қоғам алдындағы міндеттеріне тоқталды. Жиынға университеттің профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлері қатысты.

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған мерекелік іс-шаралар университетімізде жаңа оқу жылы барысында өз жалғасын табатын болады.

БҚАТУ-дың медиа-орталығы

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *