Ақжайық ауданында жаңадан үш мешіттің құрылысы басталды

   Ақсуат және Қарауылтөбе ауылдарында жаңа мешіт құрылыстары басталды. Игі істің қуанышын бөлісіп, қадасын қағу рәсіміне арнайы ҚМДБ-ның БҚО бойынша бас имамы Бақытжан Сабыралиев,  аудан әкімінің орынбасары Тілек Габдушев, ауыл тұрғындары қатысты.

  Алдымен  қасиетті құран кәрім оқылып, облыстық орталық мешітінің бас имамы Бақытжан Құралбайұлы дұға жасады.

 «Бүгін міне, Ақжайық ауданда екі мешіттің құрылысы басталды. Мешіт — Алланың үйі. Ол ұрпақтарымыз үшін халықтың, иманжүзді азаматтардың  қаражатынан салынып жатыр. Ол ешқашан бос болмасын, балаларыңызға дініміздің рухани құндылықтарын дарытыңыздар. Олардың әрбірі игі істе көмектесіп, кем дегенде бір кірпішті құрылысшыға әкелсін. Мұның өзі олардың мешітті салуға қосқан үлесі болмақ. Игі істі қолдаңыздар», — деді Бақытжан имам.

Ауыл тұрғындарымен жүздесіп, «Бірлік пен ынтамақ» жайында уағыз айтылып, жиналған қауымның қойылған сауалдарына жауап берді. Ауылдың үлкендері облысқа жаңа тағайындалған бас имам Бақытжан Құралбайұлының ісіне ризашылықтарын білдіріп, имандылық қызметіне сәттілік тілеп, ақбаталарын берді.

    Осыған дейін Бударин ауылында да жаңа мешіт құрылысы басталған болатын. 

Айта кетейік, ізгілікті іс жасап жатқан кәсіпкер азаматтардың бастамасына Алла жар болып, туған жерінің көркеюіне сүбелі үлес қосқалы отырған кәсіпкер азаматтардың игі ісіне береке тіледік.

  ҚМДБ-ның БҚО бойынша баспасөз қызметі

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *