САҚШЫЛАР ФУТБОЛ АЛАҢЫНДА КЕЗДЕСТІ

Орал қалалық полиция басқармасының жеке құрамы арасында бұқаралық спортты насихаттау, тәртіп сақшыларының спортпен шұғылдануларына мол мүмкіндік жасау, физикалық дене күштерін шынықтыру мақсатында бірнеше спорттық жарыстар мен спартакиадалар, отбасы арасындағы сайыстар мен көпшілік жүгіру, жалпы спорттың барлық түрінен түрлі жарыстар ұйымдастырылып келеді.

Бұл жердегі мақсат-қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін уақытпен санаспай қызмет сапынан табылатын жеке құрамның күш-жігерлерін тасытып, баршасын спортқа баулу еді.
Жуырда 10 -11 маусым күндері БҚО ПД, Орал қ.ПБ барлық құрылымдық бөлімшелер арасында шағын футболдан жарыс өтті. Облыстық «Динамо» спорт және денешынықтыру қоғамы мен Орал қ.ПБ бірлесе ұйымдастырған спорттық шараға мұздай дайындалған командалар қатысты. Әрине, жарысты тамашалауға тәртіп сақшыларының отбасы мүшелері, алаңда доп қуудан алдарына жан салмайтын өрімдей ұлдары, тума-туысқандары және жанкүйерлер жиналды.


Футбол қызу тартысты өтті. Әрбір команда ұйымшылдықпен әдемі ойын өрнегін көрсетіп, қарсылас командалар қақпасына ұпай салумен болды. Аьай Пб командасындағы жас жігіттер ерекшеленіп, алаң ортасында доп қуудан 1 орынды ешкімге бермеді. ППБ жігіттері қарсылас команданың қақпасына екі еселеп доп соғып, қақпашыны шеберліктерімен таң қалдырды. Қақпаға көп доп соққан Абай Пб командасы 1 орынды жеңіп алды. ППБ командасы 2 орынмен жеңіс тұғырына шақырылды. 3 орын БҚО ПД командасына берілді.


Жеңіске жеткен комадалар мен түрлі номинацияға қол жеткізген сақшыларға облыстық «Динамо» спорт және дене шынықтыру қоғамы атынан бағалы сыйлықтар мен алғыс хаттар тапсырылды. Көк майса алаңда доп қуалап, бойлары сергіген тәртіп сақшылары керемет турнир ұйымдастырған басшылыққа алғыстарын айтып жатты.
Басқарманың жеке құрамы арасында спортты насихаттау мақсатындағы жарыстар алдағы күндері де өткізіліп, спорттық көпшілік іс-шаралар жалғасын таба береді.


Орал қ.ПБ баспасөз қызметі

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *