БҚО-да жол апатынан 5 адам зардап шекті

Кеше сағат кешкі 19:24 шамасында Ақжайық ауданы Тіналиев ауылы маңында «Атырау-Орал» тас жолында Фольксваген Поло және Тойота Камри автокөліктерінің соқтығысуы орын алды, — деп хабарлайды БҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан 5 адам зардап шеккен. Қазіргі таңда барлығының жағдайы орташа дәрежеде. Медициналық апат орталығының аудандық қызметкерлері алғашқы көмек көрсетіп, зардап шеккендер Ақжайық аудандық ауруханаға жеткізілген. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше жол апатына түскендердің дені бас-ми жарақатын алған.

Өз тілшіміз

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *