Қалалық сенбілік өткізілді


Сенбілік — қоғамның назарын тазалық сақтауға аударып, экологиялық мәдениетті қалыптастыруда маңызы зор. Таза ортаның тынысы кең демекші, үрдіске айналған сенбілік қаламыздың көркеюіне көп үлесін қосатыны мәлім.


Бүгін Жәңгір хан университеті «Жалпықалалық сенбілік өткізу туралы» жоспарына сәйкес университетке қарасты көшелерді, ауларалық аумақтарды, көпшілік демалатын орындарды, арық жүйелерін, бос жатқан алаңдарды санитарлық тазалау, мұз қалдықтарын ою мақсатында жалпы университеттік сенбілік өткізді.


Тазалық шарасына профессор-оқытушылар, қызметкерлер және білім алушылардан барлығы 500 адам, 2 дана қажетті техника жұмылдырылды. Сенбілік уақытында жиналған қыстан қалған қалдықтар, күл-қоқыс үйінділері мен органикалық қалдықтар арнайы орындарға шығарылды. Студенттік үйлер мен институт территорияларынан тұрмыстық қалдықтар теріліп, аулалары сыпырылып, тазартылды.
Жаппай университет аумағында мерекелік ахуал қалыптастырылып, сенбілікке қатысушылар қажетті мөлшерде құрал-саймандармен, қоқысты жинауға арналған пакеттермен және қолғаптармен қамтамасыз етілді. Көшенің бойындағы қоршаулар сырланды, тағы басқа сол сияқты тазалау жұмыстары жүргізілді.
Сенбілік алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.

Жәңгір атындағы БҚАТУ-дың баспасөз қызметі

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *