РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ФОРУМДА БАТЫС ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУШЫЛАР ТОП ЖАРДЫ

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен Қазақстанның еңбек нарығы мен экономикасының болашағында сұранысқа ие және қажетті болашақ мамандықты сәтті таңдау үшін білім алушылардың мамандықты оқып білуге шығармашылық тәсілдемесін жандандыру, білім алушылар мен педагогтерді бірлескен қоғамдық маңызды кәсіби бағдар қызметіне тарту мақсатында «Мамандықтар әлемін ашамыз»республикалық форумы өткізілді.

Форум .«Осындай мамандық бар» (Қазақстанның еңбек нарығы мен экономикасында сұранысқа ие және қажетті мамандықтардың балалар компьютерлік презентациялар байқауы;), «Мамандықты таңдайтын уақыт» (видеовлогтар байқауы), «Мен — мамандықтар әлемінде» (әдеби байқау), «Мамандық кеше, бүгін, ертең» (вайндар байқауы) сынды номинациялар бойынша өткізілді.

 «Осындай мамандық бар» номинациясы бойынша  Ғадылбек Әдемі (облыстық дарынды балаларға арналған ақпараттық технологиялар мектеп-лицей-интернатының 9 сынып оқушысы), Жанар Муратова (облыстық дарынды балаларға арналған ақпараттық технологиялар мектеп-лицей-интернатының 8 сынып оқушысы) І орын иеленсе, «Мамандықты таңдайтын уақыт» номинациясы бойынша Зарина Ахетова  (Теректі ауданы Шаған ЖОББМ-нің 9 сынып оқушысы) І орын, «Мен — мамандықтар әлемінде» номинациясы бойынша Вероника Бердник  (Бөрлі ауданы Ақсай қаласы №5 ЖОББМ-нің 11 сынып оқушысы),  «Мамандық кеше, бүгін, ертең» номинациясы бойынша Дамиля Зейнолла (Жәнібек ауданы Е.Ниетқалиев атындағы ЖОББМ-нің 10 сынып оқушысы), Ильнара Салимгереева Облыстық дарынды балаларға арналған ақпараттық технологиялар мектеп-лицей-интернатының 7 сынып оқушысы ІІ орын иеленді.

Барлық республикалық кезеңнің жеңімпаздары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының дипломдарымен марапатталып және бағалы сыйлықтар табысталды.

Жалпы командалық есепте Батыс Қазақстан облысы І орынға ие болды.

Барша жеңімпаздарды жүлделі орындарымен шын жүректен құттықтай отырып, шығармашылық табыс пен бастамаларына жетістіктер тілейміз!

БҚО Білім басқрамасының баспасөз қызметі

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *