Облыстық филармония «Өткен жылдар ізімен» атты фильм-концерт түсірмек

Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармонияның ақпарат бөлімінің жетекшісі Олжас Сейтімовтың айтуынша жуырда «Өткен жылдар ізімен» атты фильм-концерт түсіру жоспарлануда. Қазіргі таңда сценарийі жазылу үстінде. Сценарийге толықтырулар мен өзгертулер енгізіліп, пысықтау жұмыстары жүргізілуде.
Бұл- еліміздің тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы аясында, өнердің қара шаңырағы облыстық филармониямыздың 55 жылдығы аясында халыққа ұсынылатын үлкен жоба. Жобаның басты мақсаты 55 жылдық тарихы бар өнер ордасының өткені мен бүгінгісіне шолу жасап, гастрольдік кездері әншілердің, артистердің алғашқы айтқан әндері, сол кездегі іске асырылған үлкен деңгейдегі шараларын көрсету болып табылады. Сонымен қатар филармониямыз 1966 жылы құрылған кезден бастап, қазіргі кезге дейін жұмыс жасаған ардагерлер мен өнер майталмандарының естелік әңгімелерін халыққа боямасыз ұсыну болады. Бұл жобаға ҚР Еңбек сіңірген артисті Қанатқали Қожақов, ҚР Мәдениет қайраткері дәстүрлі әнші Сағадат Рахметжанов, ҚР Еңбек сіңірген артисі, «Құрмет» орденінің иегері Сәуле Таудаева, «ҚР Мәдениет саласының үздігі»
Майра Хайдарова сынды мәдениет майталмандары қатысады. Филармония директоры Асхат Тарасұлы Қажғалиевтің пайымдауынша бұл түсірілетін фильм ұрпақтар сабақтастығы, өткен кез бен қазіргі кезге көз жүгіртіп саралайтын, тарихқа қарап отырып өнердің алға қарай дамуына ықпал жасайтын құнды бейнематериал болып халық жадында мәңгі мұра боп қалатын жоба деп есептейді. Естеріңізге сала кетсек
былтыр 2020 жылы да филармония «Жалынды жыр иесі Жұбан ақын» деген Жұбан Молдағалиевтің 100 жылдығына арналған фильм-концерт түсіріп, филармония youtube арнасынан халыққа ұсынған еді. Биылда сол үрдісті осы фильм-концерт жалғастырады.

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *