«Эко мектеп және балабақша» жобалары енгізілді


Экологиялық білім – бұл білімнің бөлігі емес, қазіргі білім беру процесінің жаңа мәні мен мақсаты. Сондықтан экологиялық білім беру, тәрбиелеу, экологиялық мәдениетті қалыптастыру мәселелері бүгінгі күні бірінші орынға шығады.

Экологиялық білім мен тәрбиенің өзектілігін ҚР Президенті Қ.Тоқаев 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында: «Қоршаған ортаны қорғау және экологиялық даму қазақстандық күн тәртібінің бірінші жоспарына шығады. Мектептер мен ЖОО-ларда өскелең ұрпақты экологиялық тәрбиелеуде тиісті назар аудару қажет» деп растаған болатын.

Осы мақсатта білім беру үдерісін экологияландыру міндетін шеше отырып, білім басқармасы бірыңғай экологиялық білім беру кеңістігін құрды.

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, өсіп келе жатқан ұрпақтың экологиялық мәдениетін қалыптастыру, қоршаған ортаның экологиялық жай-күйін зерттеу, табиғатты қорғау міндеттерін шешуде практика жүзінде қатысуға тарту мақсатында Орал қаласы және аудан мектептері мен балабақшалары барлығы 30 білім беру мекемелеріне «Эко мектеп» және «Эко балабақша» жобалары енгізілді.

Жобаға қатысушы мектептер мен балабақшалар экологиялық кеңес құрып, мектептер «Өсімдіктер әлемі және топырақ», «Жануарлар әлемі», «Ауа», «Су», «Табиғатты пайдалану әліппесі» және мектепке дейінгі ұйымдар «Экологиялық кітаптармен танысу», «Жануарлар әлемінде», «Экологиялық ойындар», «Шығармашылық», «Табиғатты зерттеушілер (барлаушылар)» бағыттары бойынша жұмыстануда.

Жоба нәтижесінде жас ұрпақтың қоршаған ортаны, жануарлар мен өсімдіктер әлемінің әртүрлілігі туралы білімдерін кеңейтіп, білім алушылардың экологиялық мәдениетінің деңгейін мектепке дейінгі ұйымдардан бастап көтеріп, «Эко мектеп» және «Эко балабақша» жобаларына енетін білім беру мекемелерінің қатары өседі деген сенімдеміз.

БҚО білім басқармасы баспасөз қызметі

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *