Биыл Жәнібек пен Бөкейордасы аудандарын облыс орталығымен байланыстыратын жол салынатын болады

Бұл туралы облыс басшысы Ғали Есқалиев есептік кездесуде баяндады.

Жол мен көлік инфрақұрылымы

2020 жылы 42,3 млрд. теңгеге 436 шақырым жол жөнделді.

Осы жылы Жәнібек, Бөкейордасы аудандарын облыс орталығымен байланыстыратын жолдарды жөндеуді жалғастыруға республикадан 20 млрд. теңге қаражат бөлініп, 129 шақырым жол салынатын болады.

Өткен жылы облыстық және аудандық маңызы бар жолдарды жөндеу үшін 12,7 млрд. теңге қаражат жұмсалып, 192 шақырым жол жөнделді. 2021 жылы осы бағытта 220 шақырым жолды жөндеу жоспарда тұр.

Елді мекендердің жолдарын жөндеу бойынша да айтарлықтай жұмыс атқарылды. Өткен жылы 101 шақырым ауылішілік жолдар жөнделді. Бұл соңғы 5 жылдағы ең жақсы көрсеткіш. 2020 жылы Орал қаласының 46,2 шақырымды құрайтын 41 көшеге асфальт төселді. «Нефтебаза» ауданындағы көпір қайта салынды.

Облыс орталығында жолдарды жөндеуге ағымдағы жылы 560 млн. теңге қаражат қарастырылды.

Қазіргі уақытта, 2021 жылға облыс бойынша 41,5 млрд. теңге қаражатқа 378 шақырым жолды жөндеуді жоспарланаду.

Жол қауіпсіздігі

Орал қаласында 200 бейнекамера, 40 жылдамдықты өлшеу құралдары және 14 жол қиылысына зияткерлік басқару жүйелері орнатылу басталды.

Облыс аудандарында қараусыз жүрген малдарды қамауға арналған қоршаулар дайындалып, 1538 мал иелеріне ескерту беріліп, 125 адамға айыппұл салынды. Нәтижесінде қараусыз жүрген малдардың қатысуымен болған жол апаттарында жарақат алғандар саны 60% төмендеді.

Жол жиегіндегі жарық шамдарын орнату бойынша жұмыстар атқарылды. Облыс бойынша 21 мыңға жуық жарық шамдары орнатылса, соның ішінде 11 мыңнан астамы Орал қаласына тиесілі.

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *