Бастауыштың бастауы – Кітабия апай

Кешегі күн – бүгінгі тарих. Тұма тарихтың қойнауындане бір ерекше естеліктер жатыр.

Бүгін біз соның бірсыпырасын өздеріңізбен бөліспекпіз. Әңгімемізге өңіріміздегі Шыңғырлау орта жалпы білім беретін мектебінен ашылған тұңғыш қазақтілді бастауыш сынып арқау болып отыр. «Аштықта татқан құйқаның дәмі тәтті» демекші, орыс тілді мектептеналғашқы ана тілдегі бастауыш сыныптың ашылуы сол кездеаудан үшін де елеулі оқиғалардың бірі болды десек, асылдық болмас. Сол кездегі білім беру бөлімініңбұйрығымен сыныптың жетекшісі болып бүгінде білімсаласында өзіндік орны қалған ардагер ұстаз, өңірге белгіліпедагог Абдугазия Кітабия Скендірқызы болатын.

«1989 жылы Қазақ тілінің мәртебесі көтеріліп, бірыңғай орыс тілді Шыңғырлау орта жалпы білім беретінмектебінен (ол кезде тоғыз жылдық негізгі мектеп болатын) тұңғыш 8 оқушымен қазақ тілді сынып ашылды. Мен аудандық білім беру бөлімінің шешімімен сынып жетекшіболып тағайындалдым. Ол кезде бөлім басшысы СапаровБақытжан Сапарұлы болатын. Содан не керек, тапсырмаберілгеннен кейін жұмысты үлкен жауапкершілікпен бастапкеттік. Қиындықтар болмады деп айта алмаймын. Жалпымұғалімдік деген қиындығы мен қызығы қатар жүретінмамандық қой. Ол кезде «Әліппемен» алғаш сауат ашып, оны бітіргеннен кейін «Ана тілі» оқулығы біраз уақыт қолғатүспей,  қолымыз байланып қалғаны бар. Кейін көп ұзамайоның да шешімі табылды. Сөйтіп сыныптағы жұмысымызбір қалыпқа түсті ғой. Еңбек жолымды қарап отырсам білімсаласында біршама реформа болған екен және мен мектебімде ылғи соның бастаушысы болыппын. Алғашқазақ тілді сыныптың ашылуы, деңгейлеп-саралап оқыту, жаңартылған білім беру мазмұны секілді өзгерістердіңбасы-қасында бір кісідей еңбек еттік»,-деп өткенді ескеалып, естелік тарқатты Кітабия апай. 

Абдугазиева Кітабия Скендірқызы  1959 жылықазанның 28 күні Ақтөбе облысы, Шалқар ауданындадүниеге келген.  1974-1978 жылдары Ақтөбе педагогикалықучилищесінің «Бастауыш сынып мұғалімі» мамандығыбойынша бітіріп шығады. Алғаш еңбек жолын туғанжерінде бастайды да кейін, 1989 жылы  тұрмыс жағдайынабайланысты Шыңғырлау ауданына көшіп келіп, еңбекжолын Шыңғырлау орта жалпы білім беретін мектебіндежалғастырады. Аталмыш мектепте отыз жылға жуық үздіксіз ұстаздық қызмет етіп, абыройлы зейнеткерлік демалысқа шығады.

«Ол кезде ұжым ерекше тату болатын. Директорымызмарқұм Дінаман Әубәкірұлы алды ашық,  жайсаң кісі еді. Иық тіресіп, қызмет еткен бірқатар әріптес мұғалімдер әліде көз алдымда. Білім беру бөлімінде бастауыш сынып мұғалімдерінің әдіскері болып Күнсұлу Жұмашқызы қызмет етті. Мектептегі алғашқы қазақ сыныбы болғасын тексеріс те көбірек болатын. Себебі сол кездерде тілм әселесіне ерекше көңіл бөлінген-ді. Облыстан жауапты мамандар жиі келіп, жұмыс барысын  қадағалап отырады. Аудандық білім бөлімінің мамандары сабағымызғақатысып, сыныптың ішкі тыныс-тіршілігін қарайды. Сыныптың ішінде алғаш 8 сегіз оқушы болғанымен, кейінгі жылы бастауыш сыныптарда оқушы саны арта бастады. Оның өзі біз үшін үлкен абырой болатын. Балаларын қазақтілді сыныпқа беріп жатқан ата-аналарды көріп ерекше қуанатынбыз. Ол әуелі тілге деген құрмет болса, одан кейінбіздің жұмысымыздың бағасы деп қабылдадық»,-дейді ардагер ұстаз.

Бүгінде Кітабия Скендірқызы әріптестері арасындасыйлы, ізденуден, үйренуден бірде – бір жалықпайтын, отбасында аяулы жар, ұл мен қыз өсіріп отырған өнегеліана. Зейнеткерлікке шықсада білім саласынан алшақтапкеткен жоқ. Аудандық «Әдеп жөніндегі» кеңесінің төрайымы болып, өзінен кейінгі әріптестеріне білім саласындағы бағдаршамдай бағыт нұсқап, жол көрсетіп келеді.

Самат БАЙБОЛАТ, Шыңғырлау аудандық білім беру бөлімінің баспасөз қызметі

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *