БАТЫСҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУШЫЛАР РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАДАН ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛДЫ


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық  орталығының ұйымдастыруымен өткен мемлекеттік тілдің рухани дамуын, қазақ тілін үйретуге талаптанатын өзге ұлт оқушыларын анықтау, әрі қарай дамыту мақсатында қазақ тілінен өзге ұлт оқушыларының 5-10 сынып оқушылары арасында «Тіл- мемлекет тәуелсіздігінің нышаны» атты ХV республикалық қашықтық олимпиадасы өз мәресіне жетті.

 Олимпиада екі кезеңді қамтыды. 

Бірінші кезеңінде Батыс Қазақстан облысынан 223 өзге ұлт оқушылары қатысып, бақтарын сынады. Қорытынды кезеңге 10 оқушы жолдама алды. 


Олимпиаданың қорытындысы бойынша ІІІ орынға  Бәйтерек ауданы, Қ.Ахмиров атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-балабақша кешенінің 7 сынып оқушысы Сейфуллина Дильназ, Бөкей Ордасы ауданы М.Мәметова атындағы жалпы орта білім беретен мектебінің 6 сынып оқушысы Валиданов Мухаммедали, Орал қаласы № 31 жалпы орта білім беретін мектебінің 8 сынып оқушысы Звекова Миланалар ие болды.

БҚО БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *