Батысқазақстандық оқушы ҚБТУ-дың білім грантын иеленді


«Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығы ағымдағы жылдың 8-9 қаңтар күндері мамандандырылған мектеп оқушыларына арналған математика, физика және информатикадан XVII Халықаралық Жәутіков олимпиадасын өткізді.


Олимпиадаға Батыс Қазақстан облысы бойынша қатысқан облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» мектеп-лицей-интернатының 11 сынып оқушысы Шынбай Алмаз пен 10 сынып оқушысы Мақсотов Жамбыл информатика пәні бойынша күміс медаль, ал 10 сынып оқушысы Уксукбаев Тимур физика пәні бойынша қола медаль иеленді.
XVII Халықаралық Жәутіков олимпиадасының жеңімпазы, облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» мектеп-лицей-интернатының 11 сынып оқушысы Шынбай Алмазға Қазақ-Британ техникалық университетінің грантының сертификаты берілді, «Математикалық және компьютерлік модельдеу», «Ақпараттық жүйелер», «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» және «Автоматтандыру және басқару» білім беру бағдарламалары бойынша оқыту шығындары толық өтелетін болады.
Қазақ-Британ техникалық университетінің грантының сертификатын иеленген Шынбай Алмазды құттықтап, жетекшісі Оразгелдиев Нұрлан Сәрсенбайұлына шығармашылық табыс тілейміз, — дейді БҚО білім басқармасының баспасөз қызметі.

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *