Көшбасшылыққа жол бастайтын сағат


Қаламыздың орталығында орналасқан  зәулімдей «Оқушылар Сарайы» бар. Бұл сарайда түрлі үйірмелер ашылған. Оған әртүрлі жастағы оқушылар  қатысып, өз білімдерін арттыруда.

Соның бірі – «Жас көшбасшы» үйірмесі. Үйірмедегі жетекшіміз – «Jas Otan» жастар қанаты БҚОФ төрағасының орынбасары , орталықтың педагогы  Ерлік Шамғалиев.

Үйірмеге қатысқаныма 1 жылдан аса уақыт өтті. Осы уақыт ішінде әртүрлі сайыстар, интеллектуалды ойындар, ораторлық тренингтерде өтуде. Қазіргі таңда менімен бірге басқа мектептердің де оқушылары қатысып жатыр.

Тәлімдік сағаты барысында бір сабағымызды «Балалар үйіне» арнадық.

Балақайлардың көңілдерін көтеріп, өлең айтып, қызықты сұрақ-жауаптармен жарысып, уақыттарын тиімді өткіздік. Балалардың қуанышты сәтін қиып тастағымыз келмеді.

Пандемияға байланысты сабағымыз тоқтап қаламады. Ерлік Мерекеұлы жолын тауып, үйірмені онлайн форматта өткізіп отырды. Жақында  жылдық қорытынды есебінде КВЕСТ» ойынын ұйымдастырдық. Ең алдымен көңіл күйді көтеру үшін сергіту сәтін жасадық.

Бұл ойынның негізгі мақсаты – ептілікті, жылдамдықты арттыру. Жұмбақтар шешу арқылы ойлау шапшаңдығын тексердік. Танымал тұлғаларды тану мен білетін ақпараттармен бөлісіп, өмірбаяндары мен өлең жолдарын тапқыздық.

Жеңімпаздар түрлі алғыс хаттармен марапатталды. «Квест» қатысушыларына біздің еңбегімізді ұнап, үйірмеге тағыда достарын әкелетіндерін айтып мәз болдық.

Гульфайруз Ерболатова,

№43 ЖОББМ оқушысы,

«Жас көшбасшы» үйірмесінің қатысушысы

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *