Жастарға арналған спартакиада

Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде 11-15 ақпан күндері спорттың тоғыз түрінен спартакиада өтеді. 

Бүгін «Жастар жылы» аясында жоғарғы оқу орын студенттері арасында университетішілік спартакиаданың алғашқы күні басталды. Спартакиаданың  мақсаты — өскелең ұрпақты  салауатты өмір салтына баулу. Алдағы күндері студенттер волейбол, баскетбол, арқан тарту, теннис, тоғызқұмалақ, дойбы, шахмат, шағын футбол жəне эстафеталық ойындардан сынға түседі. Қатысушылар 6 командадан тұрады. Салауатты өмір салтын қолдайтын спорт сүйер жастар өз факультеттерінің намысы үшін аянып қалмауда.

<<Жалынды жастарға арналған жыл аясында əртүрлі шаралар өткізіліп жатыр. Бүгінгі күн басталған спартакиада спортқа баулып қана қоймай, ұйымшылдық пен достыққа үйретеді>>, — жарысқа қатысушы Мирас Қоблан дейді. 

Гүлзинат Қибатова

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *