Қалалық мәслихаттың бірінші сессиясы өтті

Бүгін Орал қалалық мәслихатының бірінші сессиясы өтті.
Сессияның жетінші шақырылымына мәслихат депутаттары, қала әкімі Абат Шыныбеков, қала әкімінің орынбасарлары, бөлім басшылары, кент әкімдері, қалалық сайлау комиссиясының мүшелері және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.


Аталған бірінші сессияны қалалық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Бекқайыр ашып, сайлау қорытындысы бойынша ақпараттық хабарлама жасады. Отырыста Нұрлан Мағазұлы депутаттардың жаңа құрамына сәттілік тілеп, куәліктерін табыс етті.


Сессияның жаңа төрағасы болып қалалық мәслихат депутаты Серік Мұхамбеталиев сайланды. Мәслихаттың бірінші ұйымдастырушылық сессиясының күн тәртібінде қалалық мәслихаттың хатшысын сайлау, Орал қалалық мәслихатының тұрақты комиссияларын құру және олардың төрағаларын сайлау мен мәслихаттың кезекті сессиясының төрағасын сайлау мәселелері қаралды.

Күн тәртібінің алғашқы мәселесі бойынша қалалық мәслихат хатшысы болып Есентай Ғиниятұлы Қалиев бірауыздан сайланды.


Одан кейін қала әкімі Абат Шыныбеков сөз алып, сессияның ашылуымен құттықтады.
– 10 қаңтар күні кезекті сайлау өтіп, Қазақстан Республикасының Парламент Мәжілісі мен мәслихаттар құрамының жаңарғанын білесіздер. Бұл маңызды оқиға тәуелсіздік тарихындағы бетбұрысты белес болды. Еліміз жарқын келешек жолында татулық пен тұрақтылықты таңдады. Мен халықтың сеніміне ие болған Орал қалалық мәслихатының депутаттарын шын жүректен құттықтап, зор табыстар тілеймін. Еліміз бұдан былай да асқар асулардан абыроймен өтуі үшін бар күш-жігерімізді біріктіруіміз қажет. Осы орайда, бізге ең керегі – қоғамның тұрақтылығы болып табылады. Бұл істе қаламыздағы жаңа сайланған халық қалаулылары елеулі үлес қосады деп үміттенемін, – деді Абат Абайұлы.


Айта кетейік, Орал қалалық мәслихаты құрамына 22 депутат кірген.

  1. Мухамбеталиев Серик Хаирович
  2. Губашева Азима Зиннатовна
  3. Маратова Аида Маратовна
  4. Жолдаскалиев Нургали Каршыгиевич
  5. Нуршинов Кенесары Бекболатович
  6. Ерсаев Мирболат Бижанұлы
  7. Бахишева Светлана Мендыгалиевна
  8. Туркина Айгуль Сериковна
  9. Юркевич Владимир Викторович
  10. Доля Сергей Евгеньевич
  11. Кенжина Жанна Тажгуловна
  12. Крылов Валерий Юрьевич
  13. Калиев Есентай Гиниятович
  14. Әбілқас Мержан Завушұлы
  15. Голоухов Владислав Валерьевич
  16. Ашикова Нургул Ажибаевна
  17. Ажгалиев Тимур Рапхатович
  18. Бигалиев Арман Маратович
    19.Султанов Акылбек Узакбаевич
  19. Жапбаркулов Жумабек Кахарович
  20. Власов Валерий Павлович
  21. Казанин Юрий Викторович

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *