Мал іздеп шығып адасқандар табылды


2021 жылғы 7 қантар  күні сағат 18:33-те Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы Аралтөбе ауылдық округінде БҚО ТЖД (4 қызметкер және 2 бірлік техника) күшімен ВАЗ 21031 автокөлігімен (НИВА) жылқыларды 7 қаңтар күні 11 сағат 00 минутта іздеуге шығып, адасып кеткен 1989 жылғы туылған екі азаматты іздеу жұмыстары жүргізілді.

Автокөліктің техникалық ақаулығына байланысты жоғалған адамдарды іздестіру тобымен Аралтөбе ауылының оңтүстік-шығысынан 20 шақырымда далада табылып, Аралтөбе ауылына жеткізілді (медициналық көмекті қажет етпеді).

Табылғандар құтқарушыларға өз Алғыстарын жеткізді.

Синоптиктердің болжамын мұқият қадағалап, бұқаралық ақпарат құралдарындағы арнайы хабарламаларды ескеру қажет. Егер ауа райының тұрақтылығы мен өз денсаулығына қатысты күмән туындаса, елдімекендерден, ал кейбір жағдайларда өз үйлеріңізден кетпеуіңіз керек.

БҚО ТЖД үсікке және адам өліміне жол бермеу мақсатында ұсынады:

— ауа райының өзгеруін, метеорологиялық мәліметтерді үнемі қадағалап отыру және қоршаған табиғатты бақылау;

— қауіпті құбылыстар (қатты көктайғақ, аяз, боран немесе бұрқасын) туындау қаупі төнген кезде үй-жайда қалыңыз, елдімекендер шегінен шықпаңыз;

— ауыр және артық салмақтағы киім кимеңіз;

— бейтаныс жерлерге бармаңыз, ауа райы нашарлап, жол көрінбей кетіп, әуреге салатынына әрқашан дайын болыңыз;

— төтенше жағдайлар департаментінің қатты аяз, боран, бұрқасын кезінде тұрғындардың әрекеттері туралы хабарламаларына құлақ асыңыз.

Жоғарыда аталған қауіпсіздік шараларын мүлтіксіз орындау денсаулықты, тіпті өмірді сақтап қалары сөзсіз! 

Төтенше жағдай туындаған кезде 101, 112 номеріне хабарласыңыз.

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *