ДЕМЕУШІЛЕР БАЛАЛАРҒА ЖАҢА ЖЫЛДЫҚ ТАРТУ ЖАСАДЫ

Жаңа жыл мерекесіне орай аз қамтылған отбасыларынан шыққан 6 балаға қысқы жылы киім және мүмкіндігі шектеулі 30 балаға жаңажылдық сыйлықтар табыс етілді.

Орал қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен өткен шараға қаламыздағы белгілі «Давид строй» құрылыс компаниясы демеушілік етті.


Аталмыш сыйлықтарды балалардың тұрғылықты мекен-жайлары бойынша бөлім басшысы Серік Кайрлиев және «Давид строй» құрылыс компаниясының басшылары В. Кудрявцев пен Қ.Жанғазиев табыстады.
Айта кетейік, бұл «Давид строй» құрылыс компаниясының алғашқы рет жасап жатқан қайырымдылық шарасы емес . Компания бұған дейін елімізде пандемия басталған кезде облысымызда алғашқылардың бірі болып облыстық ауруханаға үш бірдей қолдан тыныстандыру аппаратын сыйға тартқан болатын.

Гүлзинат ҚИБАТОВА

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *